Балдәурен балалық шақ!

Балдәурен балалық шақ!

1 маусым сағат 10.00-де А.С. Пушкин атындағы облыстық кітапханасы Балаларды қорғау күніне орай өзінің кішкентай оқырмандарын «Балдәурен балалық шақ!» атты үлкен мерекелік бағдарламада күтеді.

 

Мереке бағдарламасында - сүйікті мультфильмдеріміздегі балалар әндері «Позитив» эстрадалық ән студиясы мүшелерінің орындауында, ойын – сауық және танымдық ойындар, шығармашылық шеберханалар, ғылыми тәжірибелер, «Кітаппен жарқын әлемге»: интерактивті кітап көрмесіне шолу. Сондай-ақ, сізді түрлі танымдық «аялдамалар» күтетін болады. Олар:

 

«Сиқырлы қылқалам»: жас суретшілер станциясы (қағазда, планшетте сурет салу);

«Шебер қолдар»: қолөнер станциясы;

«Ойталқы»: зияткерлік ойындар станциясы (викторина, квест, жұмбақтар);

«Болашақ чемпиондар лигасы»: үстел үсті ойындары станциясы (шахмат, тоғыз құмалақ турнирі);

«Ойнайық та, ойлайық!»: қозғалмалы ойындар станциясы;

«Көңіл-күйді қалай көтеруге болады?»: психологиялық ойындар станциясы.

Әрине, сонымен қатар көптеген қызықты балалар кітаптары да болады. Кітапсыз жазды өткізу мүмкін бе? «Балалар классикасының алтын кітапханасы», түрлі тілдердегі халық ертегілерінің керемет басылымдары, балалар энциклопедиялары, барлық бүлдіршін жақсы көретін «Айгөлек», «GEOленок», «Балалар әлемі», «Балдырған», «Девчонки и мальчишки»… журналдары.

Кітапханаға алғаш рет келген кез-келген қонағымыз біздің қызметтеріміздің тұрақты пайдаланушысы болып, қалаған кітабын 10 күндік мерзімге үйге алып оқи алады. Кітап таңдауы үлкен!

Сондай-ақ, біз мектеп оқушыларының жазғы демалыс кезінде кітапханада бос уақыттарын пайдалы өткізіп, үздік оқырмандарға арналған жыл сайынғы «Кітап оқу көшбасшысы» мен «Мен және менің отбасым оқиды» конкурстарына қатыса алатынын еске саламыз.