19 мамыр сағ.15.00-де А. С. Пушкин атындағы Шығыс Қазақстан облыстық кітапханасының Zoom платформасында алтын дауыс иесі, диктор, Мәдениет саласының үздігі – Қуат Ахметжановпен тікелей эфир өтеді.
Куат Ахметжанов - YouTube арнасының қазақ көрермендерін тамаша, тағылымды видеороликтерімен қуантып жүрген диктор. Бірнеше өңірлік және республикалық телеарналарда өнімді еңбек етіп, зор тәжірибе жинақтаған.
Қоңыр дауысынан Ұлы Даланың ұлттық калориті аңқиды. Мейірің қанып тыңдағанда, шаршағаның басылып, бейне бір ғажайып әлемге енгендей күй кешесің. Әсіресе, халқымыздың ұлттық салт-дәстүрі, әдет-ғұрпы туралы роликтерін еңбектеген баладан еңкейген қарияға дейін құрышы қанып тыңдап келеді. Сот жүйесінің де біршама роликтерін дыбыстап, халықтың ыстық ықыласына бөленіп келеді.
Табиғаты даралап, тамаша үн, ғажап дауыс берген Қуат Ахметжанов болмысынан тазалықтың лебі сезіліп тұрады. Ұлтымызға ұлы мұраларды ұсынып жүрген оның әр шығармасы ерекше ой салады. Дауысының сиқырлы үні жүректерге қуаныш сыйлайды. Ол көптеген аудиоктіпатарды дыбыстап халыққа кеңінен таратуда.
Міне, осылайша тыңдарманның көңілінен шығып жүрген қазақтың дарынды ұлы, семейлік жерлесіміз Қуат Ахметжанов кездесу барысында өзінің тәжірибесімен бөлісіп, аудиокітаптың маңыздылығы жайлы әңгімелеп, тыңдармандардың сауалдарына жауап беретін болады.
Байланысшы: Кемешева М. Н.
Тел: 26-13-33