Әлиханның кейінгі табылған фотосуреттері: бейнедәріс

Әлиханның кейінгі табылған фотосуреттері: бейнедәріс

2021 жылдың 5 мамыр күні Абай атындағы кітапхананың ұйымдастыруымен әр сәрсенбі сайын өткізілетін «Алаш» жобасы аясында  республикалық «Мұнара» газетінің бас редакторы Серікбол Хасанмен «Әлиханның кейінгі табылған фотосуреттері» тақырыбында ZOOM платформасында бейнедәріс өтті.

Аталмыш шарада көрнекті мемлекет және қоғам қайраткері, Алаш-Орда автономиялы үкіметінің төрағасы, Алты Алаштың рухани көсемі Әлихан Бөкейханның елге беймәлім суреті еш жерде жариялана қоймаған жәдігерлер атақты орыс фотографы Карл Булланың архивінен  табылғандығын тілге тиек етті. 

Бейнедәрістің слайд көрсетілімінде Әлиханның Мемлекеттік дума құрамындағы мүшелерімен, алғашқы депутаттармен, сол кездегі «Степной газет» ұжымымен,  Омскідегі бірге қызмет жасаған Алексей Беляковпен  т.б. суреттерге тоқталып мағлұматтар берді. Фотосуреттер Ресей музей қорының электрондық каталогы сайтынан табылғандығы, кезінде  Ресейдің саяси тарихы мемлекеттік музейі қорында сақталған сурет  болғандығы айтылды.

Алексей Беляковпен 1896-1897 жылы  түсірілген  фотосы Әлиханның саясат саласына алғаш араласқан кезі туралы әңгімеленді. 1886-1890 жылдардағы Омбы қаласындағы Әлиханның суреттері іздестірілуде. 

Журналист өзі басқада қоғам қайраткерлерінің тарихи тұлғалардың  суреттерін іздестірумен айналысып жатқандығын атап өтті. Суреттердің барлығы қазіргі ақпараттық заман ағысына қарай электрондық каталогтан табылған. Бүгінгі күнге дейін жалпы Әлиханнның  20 шақты фотосуреттері бар екен. Дәріс беруші  Серікбол Хасенге зор алғыс білдіре отырып, бізге жолдайтын  құнды фотосуреттерімен  «Алаш» электронды кітапханасының қоры толығатынын айтқымыз келеді. Фотосурет зерттеудегі жұмысына сәт-сапар, шығармашылық табыс тілейміз.