Бір шаңырақ астында: онлайн-кездесу

Бір шаңырақ астында: онлайн-кездесу

2021 жылдың 30 сәуірі күні Абай атындағы кітапхананың шетел әдебиеттер бөлімі қызметкерлері 1-мамыр халықтар достастығы күні мейрамы қарсаңында қаламыздағы «Достық үйінде» орналасқан «Возрождение» неміс қоғамдық бірлестігімен ZOOM платформасында «Бір шаңырақ астында» атты онлайн кездесу өткізді. Шарада «Кездесу орталықтары желісі» жобасының үйлестірушісі, «Неміс жастары» клубының жетекшісі М.В.Горбачева «Возрождение» қоғамының тыныс тіршілігі туралы, нақтырақ айтқанда қазіргі уақытта жүзеге асырып жатқан жобалар туралы; «Синьор», «Неміс тілі курстары», «Балаларға арналған жексенбілік мектеп», «Скандинавиялық жаяу жүріс», «Компьютерлік сауаттылық курстары»,«Glück» жастар клубы жайында кеңірек тоқталып, неміс халқының салт-санасы, дәстүрі туралы әңгімелеп берді. Кітапхана қызметкері Р.Жүндібаева іс-шараға қатысушыларды 1-мамыр Қазақстан халықтарының бірлігі мерекесімен құттықтап, «Халықтар бірлігі» өлеңін тарту етсе, Ә.Р.Валиуллина «Германияның әдет-ғұрыптары мен дәстүрлері» тақырыбында викторинаны оқырмандар ортасында ойнатты.
Кездесу соңында М.В. Горбачева барлық кездесуге қатысушыларды келе жатқан 1- мамыр мерекесімен құттықтады.