2021 жыл 5 мамыр сағат 15.00-де А. С. Пушкин атындағы ШҚО кітапханасының https://www.facebook.com әлеуметтік желі парақшасында Отан қорғаушылар күніне орай бейбіт күннің батырларымен онлайн-кездесу өтеді. Дәстүр бойынша бұл мерекені отан қорғаушылар ғана емес республикамыздың барлық ер азаматтары мерекелейді.
Әрбір батырлық іс таңдануға және құрметке лайық, бұл адамдар басқа адамдардың өмірін құтқару үшін ерлік жасады. Сіз өз өміріңізді қатерге тігіп, қиындыққа тап болған бейтаныс адамды құтқарар ма едіңіз? Біреу үшін араша түсуге батылыңыз жетер ме еді? Сіз кез-келген нәрсені ойлай аласыз, бірақ бұл сұраққа нақты жауапты тек бұл жағдайды өз басынан өткізген адам ғана бере алады.
Қиын жағдайларда олар ойланбастан басқа адамдарға көмектесуге асығып, оларды құтқарды! Олардың қатарында:
Боровиков Артем – қыстың күні Ертіс өзенінде суға батып бара жатқан зейнеткерді құтқарған жігіт;
полиция инспекторы Асқар Құлжынов - Үлбі өзеніндегі көпірден суға секірмек болған әйелді құтқарған;
облыстық драма театрының актері Шалқар Арыстанбеков - терең кәріс құдығына құлап кеткен итті өлімнен құтқарды;
Ерасыл Төкен – қатты түтіндеу жағдайындағы өртеңген үйден әйелді баласымен құтқарды.
Шынғыс Естай - 8 жасар Шыңғыс терезені сындырып, екі інісі мен қарындасын сыртқа алып шыққан.
Өз өмірін, денсаулығын қатерге тігіп, басқа өмірді сақтап қалған бүгінгі күннің батырларымен танысу үшін онлайн кездесуде бізбен бірге болыңыздар.
Байланысшы: Мергембаева Динара
тел.: 87051863586