«Зайсаннан шыққан талант»

«Зайсаннан шыққан талант»

5 мамыр, сағ. 16.00-де А.С. Пушкин атындағы облыстық кітапхананың ұйымдастыруымен баспагер, журналист, белгілі жазушы, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Кәдірбек Сегізбайдың 80 жасқа толған мерейтойына орай тікелей эфирде сұхбат өтеді.
Кәдірбек Сегізбай Зайсан ауданы Жарсу ауылында 1941 жылдың 1 мамырында дүниеге келген.
Кәдірбек Сегізбайдың қазақ және орыс тілдерінде оннан астам прозалық кітаптары жарық көрді. Тұңғыш әңгімелер жинағы “Ашылмаған сырда” (1972) Табиғат және Адам дейтін қос ұғымның мәңгілік қарым-қатынасы негізгі арқау болса, жазушы бұл тақырыпқа жиі оралып, “Аюдың өті”, “Үш тоғыс”, “Сұрау белгісі”, “Қара қасқыр” сынды повесть, әңгімелерінде осынау келелі мәселе төңірегінде келісті ойлар қозғайды.
“Люди дальних дорог”, “Этот зеленый, зеленый мир” кітаптары орыс тілінде шықса, біраз әңгімелері шет ел тілдеріне аударылған.
К. Сегізбай орыс жазушысы Альберт Лихановтың “Менің генералым” романын, словак жазушысы мария Дрючкованың “Ақ ханша” повесін, поляк ғалымы әрі суретшісі Бронислав Залесскийдің 1865 жылы Парижде жарық көрген “Қазақ сахарасына саяхат” жолжазбасын, сондай-ақ көптеген алыс-жақын шет ел жазушыларының шығармаларын аударған.
Жазушыға “Біз қалада тұрамыз” кітабы үшін Қазақстан Жазушылар одағының, М. Әуезов (1984) атындағы сыйлығы берілген. 1986 жылы “Жап-жасыл әлем” повесі республикалық жабық конкурста бірінші жүлде алған. 2001 жылы ҚР Мәдениет министрлігі еліміздің тәуелсіздігінің 10 жылдығына арнап жариялаған жабық бәйгесінде жазушының “Арасан” повесі 2-жүлдеге ие болған.
Құрметті оқырман! Зайсан өңірінен шыққан айтулы тұлға, Шығыс Қазақстанның мақтаныш тұтар жазушысы Кәдірбек Сегізбаймен болатын онлайн сұхбатқа қатысып, авторға өз сауалдарыңызды қойыңыздар!

Байланысшы: Кемешева Меруерт
Байланыс тел.: 26-39-46 (123)