«Кітапханалардың инновациялық қызметі: тәжірибе, әдістеме, тенденциялар»

«Кітапханалардың инновациялық қызметі: тәжірибе, әдістеме, тенденциялар»

«Талап қыл артық білуге...»
Абай Құнанбайұлы

8 сәуір 2021 жылы А.С. Пушкин атындағы Шығыс Қазақстан облыстық кітапханасы «Кітапханалардың инновациялық қызметі: тәжірибе, әдістеме, тенденциялар» атты халықаралық онлайн-конференция өткізеді. Кәсіби онлайн кездесу кітапхананың 125 жылдығына арналады.
Конференция спикерлері – Германия, Эстония, Литва, Ресей, Өзбекстан, Беларусь сияқты алыс және жақын шетелдің ұлттық, республикалық, өңірлік кітапханаларының мамандары MakerSpace шығармашылық шеберханалары мысалында оқуды ілгерілету саласындағы инновациялық тәжірибемен, кітапханаларға арналған маркетингтік стратегиялармен, цифрлық сауаттылықты дамыту бойынша тәжірибелерімен бөліседі.
Сондай-ақ, конференция жұмысына Еуразия Кітапханалық Ассамблеясы, Мәскеу мемлекеттік мәдениет институты, В.И. Даль атындағы Ресей әдебиеті тарихының мемлекеттік мұражайы өкілдері қатысады.
«Кітапханалардағы заманауи IT-технологиялар» секциясында Мартинас Мажвидас атындағы Литва ұлттық кітапханасының Мейкер Спейс шығармашылық шеберханалары, Л.Гумилев атындағы Еуразия Ұлттық университетінің ғылыми кітапханасының презентациялары ұсынылады.
«Оқу өмір салты ретінде: балалар мен жастар ортасындағы жаңа идеялар мен жұмыс түрлері» секциясында Удмурт Республикасының Ұлттық кітапханасы, Ленинград облыстық балалар кітапханасы, Таллин Орталық кітапханасы, А.С. Пушкин атындағы Самарқанд облыстық ақпараттық-кітапхана орталығы, Кузбасс мемлекеттік балалар мен жастарға арналған кітапханасы, А. С. Пушкин атындағы Омбы мемлекеттік облыстық ғылыми кітапханасының әріптестері өз тәжірибелерімен бөліседі. Онлайн конференция қорытындысы бойынша материалдардың электрондық жинағы шығарылады және ол ары қарай үнемі толықтырылып отырады.
Басталуы: сағ. 11.00 (Нұр-Сұлтан қ. уақытымен). Өткізу орны: ZOOM платформасы. Конференцияның жұмыс тілі: қазақ, орыс.

Байланысшы: Сакпанова Ж.С.
87057612021