Ұлы Даланың Ұлы есімдері арнайы жобасы: оқу семинары

Ұлы Даланың Ұлы есімдері арнайы жобасы: оқу семинары

2021 жылы 7 сәуірде Абай атындағы облыстық кітапхана meet.google.com платформасында облыс аумағындағы кітапханашыларға «Рухани жағыру» бағдарламасының «Ұлы даланың Ұлы есімдері» арнайы жобасын іске асыру бойынша кітапхана жұмысының тәжірибесімен таныстырды. Семинар осы бағдарламаның қабылданғанына 4 жыл толуына орайластырылды.

Сөз басында Абай кітапханасының қызметкерлері өз әріптестерін «Рухани жағыру» бағдарламасының және «Ұлы Даланың Ұлы есімдері» арнайы жобасының мақсаттарымен, міндеттерімен және бағыттарымен таныстырды.

Кітапхананың «Ұлы Даланың Ұлы есімдері» арнайы жобасы бойынша жұмысы екі бағытта жүзеге асырылатынын атап өтті: Абай Құнанбаевтың шығармашылық мұрасын насихаттау және «Абай әлемі» кітап сериясы әдеби жобасын жүзеге асыру бағытында.

Абай Құнанбаевтың шығармашылық мұрасын насихаттау тәжірибесін ұсына отырып, кітапхана маманы О.Ф. Мальцева іс-шараға қатысушыларды кітапханада ұйымдастырылған Абайдың рухани орталығының қызметімен, үш тілде басылып шыққан «Артық білім кітапта» сирек басылымдар каталогымен, кітапхананың ақпараттық ресурстарымен таныстырды.

Абай кітапханасының «Ұлы Даланың Ұлы есімдері» арнайы жобасын іске асыру жұмысы келесі жұмыс бағыттарымен ұсынылды:

- Қазақстан мен Ресейдің кітапханаларында «Ғасырлар үндестігінде рухани мұра» атты көшпелі кітап көрмесі мен кітап керуендерін ұйымдастыру;

- халықаралық және республикалық онлайн-конференциялар;

- жазушылармен, ақындармен және абайтанушылармен кездесулер және т.б.

Кітапхана директорының орынбасары Г.Т. Нугуманова әріптестерін «Абай әлемі» кітап сериясын шығару жөніндегі әдеби жобаның жүзеге асырылуымен, оның мақсатымен және 2018 жылдан 2020 жылдар аралығында жарық көрген кітаптармен таныстырды.

Дәріс барысында 2019 жылы жарық көрген "Жастықтың оты жалындап" жинағына енген жас ақындармен, абайтанушылармен онлайн-режимде кездесулер, кітап көрмелер, кітап сериясының тұсаукесерлерін өткізу арқылы көпшілікке насихатталғаны туралы  ақпарат берілді.

Іс-шара соңында дәріскерлер семинарға қатысушылардың сұрақтарына жауап беріп, Абайдың ойлары мен Қара сөздері екі ғасыр бойы өзектілігін жоғалтпайтынын атап өтті және тыңдаушыларға "Рухани жаңғыру" бағдарламасының "Ұлы даланың ұлы есімдері" арнайы жобасын жүзеге асыру бойынша ұсынылған жұмыс тәжірибесін кітапхана қызметінде пайдалануды ұсынды.