«Әсемқоңыр»: кітап көрмесіне шолу

«Әсемқоңыр»: кітап көрмесіне шолу

Күй өнері – қазақ халқының ең құнды, бағалы мұраларының бірі. Қаны мен жанында күй ойнаған ұлтымыз тума таланттарға кенде емес. Сондай дарын иелерінің бірі – қазақ өнерінде өзінің өшпес ізін қалдырған күйші, композитор Дина Нұрпейісованың туғанына биыл 160 жыл толып отыр.
Осыған орай 6 сәуір күні Абай атындағы кітапханада «Әсемқоңыр»: атты кітап көрмесі ұйымдастырылды. Атақты күйші Дина Нұрпейісова бала күнінен-ақ, танымал күйшілердің туындыларын нақышына келтіре орындап, ауыл-аймаққа «домбырашы қыз» атанып кеткен. Кітап көрменің мақсаты - дәулескер күйшінің туындыларын насихаттау, жас ұрпақты күй өнеріне баулу және оларға үлгі-өнеге көрсету.
Кітап көрмеге Дина Нурпейсованың 150-жылдығына және Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігіне 20 –жылдығына арналған «Күйші Дина» атты жинақ, А. Шамғоновтың «Дина Нұрпейсованың тегі туралы не білеміз?» атты мақаласы, У. Бекеновтың «Күй керуені» және Құрманғазы «Күйлер» т.б. кітаптар қойылып оқырмандардың қызығушылығын тудырды.