«Кітаппен жарқын әлемге»: балалар кітабының Апталығы

«Кітаппен жарқын әлемге»: балалар кітабының Апталығы

Жыл сайын 2 сәуірде дат ертегішісі Ганс Христиан Андерсеннің туған күнінде атап өтілетін Халықаралық Балалар кітабы күні қарсаңында кітапханада Балалар кітабы апталығы өтеді. Апталық аясында кітапхана Facebook парақшасында заманауи қазақстандық жазушылармен тікелей эфирлер сериясын және балалар мен жасөспірімдер оқуын қолдау мақсатында онлайн кездесулер ұйымдастырады.
29 наурызда еліміздің қайсар әрі тәуелсіз нәзік жанды тұлғаларына арналған жігерлендіріп, шабыт беретін шығармалардың авторы Динара Чайжунусова «Super қыз» кітабын жазуға не себеп болғанын және жас оқырмандардың өзіне деген сенімін арттыруға қалай көмектесетіні жайлы әңгімелеп береді.
30 наурызда кітапхана балалар мен ата-аналарды «VITAмир» дүкенінің жаңадан келіп түскен балалар кітаптарына арналған онлайн шолуын тамашалауға шақырады. Бұл – кітап сатылымындағы алдыңғы орында тұрған балалар жазушыларымен сырттай танысуға, балаларға арналған ең танымал кітаптар туралы ақпарат алып, өзіңіз үшін оқуға міндетті ең жақсы кітаптар тізімін жасауға мүмкіндік береді.
31 наурызда «Меченый» атты терең философиялық астарлы әңгімесінің авторы Игорь Александрович Морозовпен кездесу өтеді. «Меченый» кітабы – бұл «балықшы мен балық туралы» әңгіме, бірақ, мағынасы мүлдем бөлек. Мұнда қармаққа түсетін балық емес, балықшы. Әңгіме үш тараптан айтылады: автор, балықшы және балық. Кітап мәңгілік құндылықтар – махаббат пен достық, жақсылық пен мейірімділік туралы ой қозғайды.
1 сәуірде ата-аналарды педагог-психолог М.М. Давыдованың «Баланың кітап оқуға деген сүйіспеншілігін қалай арттыруға болады?» атты онлайн-сұхбаты күтеді. Сұхбат барысында Сіздің қоржыныңыздағы тәрбие беру амалдарына баланың кітап оқуға деген қызығушылығын қалыптастыруға көмегін тигізетін пайдалы тәжірибелік ұсыныстар мен кеңестер қосылады.
2 сәуірде белгілі жазушы Сәуле Досжанмен тікелей эфир өтеді, оның «Ауылдан шыққан миллионер» кітабы Қазақстанның барлық өңіріндегі жас оқырмандардың сүйікті кітабына, ал кейінірек – еліміздің Назарбаев Зияткерлік мектептерінің үздік кітабына айналды. «Ауылдан шыққан миллионер» – жастарды өздеріне сенуге және қойылған мақсатқа табандылықпен жетуге шабыттандыратын мотивациялық оқиғалар шедеврі.
2 сәуір – Халықаралық Балалар кітабы күнінде «Сиқырлы кітаптар әлемі» атты кітап көрмесі жанында Г.Х. Андерсен ертегілерінің желісі бойынша театрландырылған қойылыммен мерекенің салтанатты ашылуы өтеді. Балалармен кездесуге келген ертегі кейіпкерлері кішкентай оқырмандарды көрмедегі ғажайып кітаптармен таныстырады. Көрмеден халық ауыз әдебиеті, авторлық ертегілер, қызықты сиқырлы әңгімелер, балалар әдебиетінің алтын қорынан алынған шытырман оқиғалы әдебиеттер, сондай-ақ отандық және шетелдік авторлардың заманауи балалар кітаптарын табуға болады.
Сонымен қатар, Апталық аясында кітапхана балалар мен ересектерді 30 наурызда Шарль Перроның «Золушка» ертегісінің мюзикліне, 3-4 сәуірде отбасылық клубтағы Г.Х. Андерсеннің ертегілерін дауыстап оқуға және ертегі терапиясы сеанстарына шақырады, олар балалардың шығармашылық қабілеттерін дамытуға, қоршаған әлеммен қарым-қатынасын жақсартуға және жақындарымен сенімді қарым-қатынас орнатуға көмектеседі.
Балалар кітабы Апталығында балалар мен ата-аналарды, тәрбиешілер мен педагогтарды – кітапхананың барлық пайдаланушыларын кітапхана төрінен көруге қуаныштымыз! Балалар кітабының жарқын әлеміне, сиқырға, жақсы эмоциялар мен жаңа ашуларға толы ерекше атмосфераға бірге енейік!

Балалар кітабы Апталығының бағдарламасы:
29 наурыз, 15:00 - «Super қыз» кітабының авторы, жазушы Динара Чайжунусовамен онлайн кездесу - Facebook @Pushkinlibrary;
30 наурыз, 11:00 «VITAмир» дүкенінің балалар кітабының жаңа түсіміне бейнешолуы - Facebook @Pushkinlibrary;
30 наурыз, 15:00 - Ш.Перроның «Золушка» ертегісі бойынша мюзикл (2- қабат, мәжіліс залы);
31 наурыз, 11:00 - «Меченый» кітабының авторы И.А. Морозовпен онлайн кездесу - Facebook @Pushkinlibrary;
31 наурыз, 11:00 - «Біздің сүйікті ертегі кейіпкерлеріміз»: ертегітерапия (1- қабат, № 15 каб.);
1 сәуір, 11:00 - «Баланың кітап оқуға деген сүйіспеншілігін қалай арттыруға болады?»: психолог М.М. Давыдовамен онлайн кездесу - Facebook @Pushkinlibrary;
2 сәуір 11.00 - «Сиқырлы кітаптар әлемі» әдебиеттер көрмесінің ашылуы (1-қабат, № 15 каб.);
15.00 - жазушы Сауле Досжанмен онлайн кездесу - Instagram@Pushkinlibrary;
3, 4 сәуір , 11:00 - «Отбасылық оқу» клубы: Г.Х. Андерсеннің ертегілерін бірге оқимыз (2-қабат, мәжіліс залы);
3 сәуір , 14:00 - «Шам түбіндегі ертегі» клубы (2- қабат, мәжіліс залы).