Сыбайлас жемқорлық – қоғам дерті: ақпарат сағаты     

Сыбайлас жемқорлық – қоғам дерті: ақпарат сағаты     

3 наурызда Шығыс Қазақстан облыстық Абай атындағы әмбебап кітапханасының «Парасат жолы» орталығында Семей қаласының Жастар ресурстық орталығымен бірлесіп «Сыбайлас жемқорлық - қоғам дерті» атты ақпараттық сағат өткізді.

Іс-шара басында Жастар ресурстық орталығының жетекшісі Соғымбай Олжас Амангелдіұлы талқыланатын тақырыптың өзектілігін атап өттіп, кітапханада ашылған «Парасат жолы» орталығымен бірге сыбайлас жемқорлыққа қарсы бірлескен жұмыс жоспарлары туралы айтты.

Абай атындағы кітапхананың заңгері Исабаев Қуат Берікболұлы өз сөзін сыбайлас жемқорлықтың пайда болу тарихынан, оның барлық ғасырларда болғандығымен бастады. Тіпті Шоқан Уәлиханов күнделіктерінде тауарларды тасымалдау кезінде шекаралардағы (кедендердегі) сыбайлас жемқорлық көріністері туралы бірнеше рет жазғанын тілге тиек етті. Ол сонымен бірге «сыбайлас жемқорлық» және «сыбайлас жемқорлық субъектісі» ұғымдарына толық түсінік беріп, КСРО кезінде сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес және сыбайлас жемқорлық қылмыстары үшін жауапкершілік туралы заңнамалық актілер болмағанын жеткізді.

Заңгер өз сөзінде Тәуелсіздік жылдарындағы Қазақстан Республикасындағы сыбайлас жемқорлықты жою мәселелеріне тоқталды. Тәуелсіздік алған кезде Қазақстан ТМД елдері арасында бірінші болып «Сыбайлас жемқорлық туралы» Заңды қабылдағаны, ал қылмыстық және әкімшілік кодекстерінде сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес және сыбайлас жемқорлық қылмыстары үшін жауапкершілік туралы заң тармағы мен жеке тарау бары атап өтілді.

Қуат Исабаев өз сөзінде сыбайлас жемқорлық қылмыстарына мысалдар келтірді, сыбайлас жемқорлық көріністерімен күрестегі қоғамдық ұйымдардың рөлін айтып, сыбайлас жемқорлықты жоюдың негізгі шараларын түсіндірді.

Ақпарат сағатында заңгер іс-шараға қатысушылардың көптеген сұрақтарына жауап берді, соның ішінде: біздің елімізде сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл бойынша не істеліп жатыр, сыбайлас жемқорлыққа қарсы күресте қандай шаралар қолданылады, қандай жағдайларда пара беруші босатылады қылмыстық жауапкершілік және т.б.

Шара соңында Абай кітапханасындағы «Парасат жолы» орталығының төрағасы Мерей Карт мұндай іс-шараларды қала тұрғындары арасында жиі өткізіп тұруды ұсынды, сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясатты насихаттауда кітапхананың рөлі зор екенін айта келе, «Жемқорлыққа жол ЖОҚ» көрмесінде ұсынылған материалдарды таныстырды.