Рухы мықты, нәзік жандар

Рухы мықты, нәзік жандар

8 Наурыз көктемгі әйелдер мерекесі қарсаңында, А.С. Пушкин атындағы Шығыс Қазақстан облыстық кітапханасы "Мүмкіндігі шектеулі адам" анықтамасы олар туралы емес екенін өз өмірлерімен, еңбектерімен, шығармашылығымен дәлелдеп жүрген әйелдермен 3 наурыз күні, сағат 11.00-де онлайн-кездесу өткізетін болады.

Тікелей эфирдің кейіпкерлері - Өскемен қалалық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің көмегімен Пушкин кітапханасында өз таланттарын қолдана білген кітапхана қызметкерлері мен еріктілері. Виктория Сайбель, Маржан Абдрахманова, Айша Қали, Жәния Қабдушукурова, Әсем Мергембаева – бұл әйелдер кітапханада шығармашылық үйірмелерді жүргізіп, біздің пайдаланушыларға өмірде әлеуметтенуге көмектесіп, өз эмоцияларын, энергиясын, жылуы мен жан сұлулығын сыйлап жүрген жандар.

Өзінің жеке үлгісімен, күш-қуатымен және мақсаткерлігімен рух күшінің ұлылығы туралы әлемге паш еткен біздің әдемі де мықты кейіпкерлерімізбен тікелей эфирге қосылыңыз!