«Парасат жолы»: жемқорлыққа қарсы қоғам: дөңгелек үстел

«Парасат жолы»: жемқорлыққа қарсы қоғам: дөңгелек үстел

«Адалдық алаңы» жобасы аясында 2 наурыз күні Шығыс Қазақстан облыстық Абай атындағы кітапхана қабырғасында ашылған «Парасат жолы» орталығында ҚР еңбек сіңірген қайраткері,  жазушы,  «Парасат жолы» республикалық жобасының жетекшісі Сәдібек Түгел, ШҚО оқу ағартушылық штабының жетекшісі Есімбекова Арайлым Керімбекқызы, ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің ШҚО бойынша департаменті басшысының бірінші орынбасары Байділдин Жігер Еркінбекұлы және Семей қаласы әкімінің орынбасары Садырбаев Айдар Серікқазыұлы болып, қаланың зиялы қауым өкілдерімен және  кітапханашылармен  кездесті.

«Парасат жолы» республикалық жобасының жетекшісі Сәдібек Түгел ата салтымызда болмаған кесел жемқорлықпен күрес жолында атқарылып жатқан ауқымды іс-шаралар мен жобалар жайлы нақты әрі толық мағұлмат беріп, қатысушыларды қоғамдық кеселмен бірге күресуге шақырды.

«Парасат жолы»  орталығына келген зиялы қауым өкілдері  бұқаралық ақпарат құралдары, әдебиет пен мәдениет арқылы қоғамда сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру және парасаттылық құндылықтарды кеңінен насихаттауды тілге тиек етті.

Дөңгелек үстел басында парасаттық идеологиясын ілгерілету және кез келген сыбайлас жемқорлық әрекеттеріне төзбеушілікті қалыптастыру жайында  маңызды әңгіме өрбіді. Қатысушылар адалдық, парасатттылық қағидаттарын қалыптастыруға, ұлттық мәдениет пен руханият құндылықтарын ілгерілетуге ықпал етету мақсатында кітапхана қабырғасында  ашылған  «Парасат жолы» орталығының жетекшісі етіп ақын, кітапхана маманы Мерей Қартты бірауыздан сайлады.  

 Кітапхананың «Парасат жолы»  орталығының  төрағасы болып бір ауыздан ақын, Қазақстан Жазушылар одағы Семей өңірі филиалының төрағасы Мерей Қарт сайланды.

Шараға қатысушылар сөз соңында сыбайлас жемқорлыққа қарсы күресу – бүкіл қазақстандық қоғамның маңызды міндеті екендігін айтып, алдағы уақытта елдің еңсесін түсіріп, дамуына кері әсерін тигізетін кеселді дертпен бірлесіп күресіп, жас ұрпақты адалдыққа, парасыттылыққа тәрбиелейтін жаңа ортылықтың жұмысына сәттілік тіледі.