«Азаттық таңын аңсаған Алаш арыстары» онлайн форсайт-форумы

«Азаттық таңын аңсаған Алаш арыстары» онлайн форсайт-форумы

2021 жылдың 01-05 наурыз аралығында А.С. Пушкин атындағы Шығыс Қазақстан облыстық кітапханасының ұйымдастыруымен «Азаттық таңын аңсаған Алаш арыстары» онлайн форсайт-форумы өтеді (ZOOM платформасында). Форум спикерлері – белгілі қазақстандық алаштанушы-ғалымдар, оқытушылар, музей қызметкерлері Алашорда үкіметінің жетекшісі Әлихан Бөкейханов, көрнекті қоғам және мемлекет қайраткері, Алаш қозғалысы жетекшілерінің бірі, қазақтың тұңғыш математигі, профессор, қазақ тіліндегі тұңғыш «Жоғарғы математика курсы» оқулығының авторы Әлімхан Әбеуұлы Ермеков, көрнекті мемлекеттік және саяси қайраткер, Алаш қозғалысына қатысушы, заңгер, публицист Райымжан Мәрсекұлы, Алаш зиялысы, заңгер, құқықтану магистрі Жақып Ақбайұлы және тарих ғылымдарының докторы, профессор Ермахан Бекмаханұлының өмірі мен қызметі, елінің азаттығы мен тәуелсіздігі жолындағы күресі жайында баяндамалар жасап, интерактивті дәріс, сұхбаттар өткізіп, виртуалды қатысушылардың сұрақтарына жауап береді.
Форсайт-форум қонақтары: академик Дихан Қамзабекұлы; алаштанушы, профессор Сағымбай Жұмағұл; алаш қайраткері Қошмұхамед Кемеңгерұлының шөпшегі Қайырбек Кемеңгер; алаштанушы Сұлтан-Хан Аққұлы; Семей қаласының облыстық тарихи-өлкетану музейінің жоғары дәрежелі маманы Анар Маратқызы Төлеубаева; Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-нің «Дүниежүзі тарихы, тарихнама және деректану» кафедрасының профессоры, тарих ғылымдарының докторы, алаштанушы Смагулова Светлана Одепқызы; тарих ғылымдарының доценті, ҚР БҒМ ҒК Мемлекет тарихы институты директорының орынбасары Қашқымбаев Амангелді Нұркейұлы; Еуразия гуманитарлық институтының профессоры, тарих ғылымдарының кандидаты, доцент Өскембаев Канат Сәдуақасұлы.

А.С. Пушкин атындағы Шығыс Қазақстан облыстық кітапханасы «Азаттық таңын аңсаған Алаш арыстары» онлайн форсайт-форумының бағдарламасы 01-05 наурыз, 2020 жыл