Алаш және Алаш қайраткерлері: онлайн - дәріс

Алаш және Алаш қайраткерлері: онлайн - дәріс

2021 жылдың 17 ақпан күні ШҚО Абай атындағы әмбебап кітапханасының Fecebok парақшасында әр сәрсенбі күні «Алаш» жобасы аясында өткізілетін онлайн лекциясын ф.ғ.к., тарихшы, алаштанушы, ғалым – Сұлтан-Хан Аққұлы «Алаш және Алаш қайраткерлері» тақырыбында өткізді.
Аталмыш шарада Ұлттық тәуелсіздігіміздің 30 жылдығымен қатар Алаш Орда үкіметінің басшысы, мемлекет және қоғам қайраткері Әлихан Бөкейханның 155 жылдық мерейтойы тойланатындығын атап өтті.
Қазақ мемлекетінің іргетасын көтерген алаш қайраткерлерінің еңбегін айта келе, қазақ мемлекеті үшін «Алаш идеясы» – қазақтың мемлекеттік, елдің ұлт¬тық идеясы екендігіне тоқталды. Ұлттық мемлекетті қалыптастыру идеясы ұлттық қажеттіліктердің негізінде туындайтын білім болса, ұлттық идеяның білімін қалыптастыратын нағыз зиялылар дей келе, 1905-1917 жылдар аралығында тұңғыш жазба әдебиетін қалыптастырғандығын тілге тиек етті. Бүгінгі күнде де, Алаш қайраткерлерінің идеясын көтеріп, оны насихаттау мәселесін жалғастыру керек екендігін айтып, болашақта бірнеше деректі, көркем фильмдер түсірілетінін тілге тиек етті.