Абайдың киелі даласы: фотоальбомның тұсаукесері

Абайдың киелі даласы: фотоальбомның тұсаукесері

16 ақпан сағ.11.00-де А. С. Пушкин атындағы Шығыс Қазақстан облыстық кітапханасы Facebook парақшасында «Абайдың киелі даласы» / «Степная планета Абая» / «The steppe planet of Abai» фотоальбомының тұсаукесерін өткізеді. Фотоальбом Абайдың өмірі және шығармашылығымен байланысты тарихи, киелі орындармен таныстырады.

Фотоальбомды жарыққа шығару бойынша жобаға Шығыс Қазақстан облысының әкімдігі бастамашылық етті және А. С. Пушкин атындағы Шығыс Қазақстан облыстық кітапханасымен ұлы гуманист-ақын, қазақ әдебиетінің негізін қалаушы Абай Құнанбайұлының 175 жылдығына арналған іс-шаралар аясында жүзеге асты. 

Жоба жетекшісі және фотоальбом мәтінінің авторы Борис Васильевич Щербаков Абай Құнанбайұлының туған жеріне жасаған сапар барысында нағыз гид болды. Борис Щербаков – орнитолог ғалым, биология ғылымдарының кандидаты, жазушы, Қазақстан және Ресей Жазушылар одағының мүшесі, Қазақ КСР Ағарту ісінің үздігі. Борис Васильевич өзінің «Путь к Абаю», «Жидебайдың жұлдызды даласы» / «Звёздная степь Жидебая», «Шығыс Қазақстан – Еуразия жүрегі» / «Восточный Казахстан – сердце Евразии» атты кітаптарында алғашқы авторлардың бірі болып Абай әлемін қоршаған табиғат призмасы арқылы ұсына білген.

Б. В. Щербаков жазиралы даланы ерекше шабытпен суреттейді. Альбомның фотосуреттері мен мәтіндері Абай дәуірінің рухымен, кең дала ауасымен, тарихи ескерткіштер: Кеңгірбай би, Сырт Қасқабұлақ, дала бұлағы, Құнанбай құдығы, музей-үйі, Абай кесенесінің ерекше нұрымен ұштасқан. Мұнда Б. В. Щербаков және кітапхана қызметкерлері В. А. Рейхель, А. Н. Мишелевтің түсірген фотосуреттерімен бірге, Семей қаласының тарихи-өлкетану мұражайы мұрағаттарынан алынған фотосуреттер берілген. Сондай-ақ, басылымда Риддер қаласының тарихи-өлкетану мұражай қоры ұсынған танымал жерлес суретші Ю. Г. Хабаровтың (Рерль) Құнанбаевтар отбасына арналған портреттері де орын алған.

Біз «Абайдың киелі даласы» / «Степная планета Абая» / «The steppe planet of Abai»  фотоальбомы Абай шығармашылығының терең сырын түсінуге өз үлесін қосып,  өлкетану топтамасынан лайықты орын алады деп үміттенеміз.

Фотоальбомның сандық нұсқасы «Біздің Абай / Наш Абай» – abai.pushkinlibrary.kz электронды кітапханасы мен Қазақстан Ұлттық электронды кітапханасында http://kazneb.kz. ұсынылған.