Ауғанстан – жүрегімнің жарасы: көрме

Ауғанстан – жүрегімнің жарасы: көрме

2021 жылдың 12 ақпанында Абай атындағы кітапхана Ауғанстаннан әскерлердің шығарылуын еске алу күніне дайындалған «Ауғанстан – жүрегімнің жарасы» атты кеңейтілген көрмесін ұсынды. (1989 ж.15 желтоқсан).   Ауғанстан тақырыбы екіұшты, әр жаңа ұрпақтың бұл оқиғаға өзіндік көзқарасы болады, бірақ, сол кезде бұл әскери борышын орындау және өз Отанын қорғау болатын. Ауған соғысы көптеген жастардың өмірін қиды - шамамен 15 мың жас сарбаз қайтыс болды. Олар 18 жасында соғысқа аттанып, 20 жасында соғыстан оралды ...

Бұл күні көптеген посткеңестік республикаларда еске алу  мерекелер өтеді. Біздің қалада қаза тапқан интернационалист жауынгерлерді еске алуға арналған ескерткіш орнатылды. Ал, Семей қаласының көшелеріне осы ауыр соғыстың қаһармандары - Олег Аюченко, Анатолий Буренков, Марат Лебаев, Анатолий Матяш, Галиаскар Туктабаев, Сергей Суворкиннің есімдері берілді.

Көрмеге Ауғанстан мемлекеті туралы, соғыстың басталуы туралы, кеңес әскерлерінің әскери әрекеттері туралы, сонымен қатар интернационалист жауынгерлердің жеке естеліктері туралы баяндайтын кітаптар мен мерзімді басылымдар қойылды.

Жоғарыда айтылған аталмыш көрме 12 ақпан мен 16 ақпан аралығында оқырман назарына ұсынылып, жалғасын табатын болады.