Алаш қайраткері – Ережеп Итбаев:бейнелекция

Алаш қайраткері – Ережеп Итбаев:бейнелекция

ШҚО Абай атындағы кітапхананың ұйымдастыруымен 2021 жылдың 11 ақпан күні @facebook әлеуметтік желісінің тікелей эфирінде, сәрсенбі сайын шығатын «Алаш» жобасы аясында, ақын, ҚР Жазушылар Одағының Семей бөлімшесінің төрағасы, ШҚО Абай атындағы кітапханасының қызметкері  Мерей Қарт «Алаш қайраткері – Ережеп Итбаев» тақырыбында онлайн режимде бейнелекция өткізді.

Ережеп Итбаев Алаш қозғалысының қайраткері, өз заманының көзі ашық азаматы, қазақ халқының күрескер, талантты ұлдарының бірі. Тарбағатай өңіріндегі Өкпекті болысында дүниеге келген, Алаш автономиясының халық кеңесіне кандидат болып сайланған, Ережеп Итбаевтың өмірбаяны, қоғамдық қайраткерлік қызметі, саяси-әлеуметтік жұмыстары жайында Мерей мырза тереңнен сөз қозғады.

Бейнелекция Тарбағатай өңірінен шыққан,тыңғылықты да тиянақты жұмыстары арқылы халық алдында, Алаш орда үкіметі алдында өзінің адал ниетін, берік ұстанымы арқылы  танытқан Ережеп Итбаев туралы тың деректер мен мәліметтер ұсынды.