Алаш арысы Біләл Сүлейұлы: бейнелекция

Алаш арысы Біләл Сүлейұлы: бейнелекция

2020 жылдың 7 ақпаны күні ШҚО Абай атындағы кітапханасының ұйымдастыруымен @facebook әлеуметтік желісінің тікелей эфирінде, сәрсенбі сайын шығатын «Алаш» жобасы аясында, алаштанушы, «Дарын» мемлекеттік жастар сыйлығының лауреаты Елдос Тоқтарбаймен «Алаш арысы Біләл Сүлейұлы» тақырыбында онлайн режимінде бейнелекция өткізді.
Лекция Алаш қайраткері, ақын, публицист, сатирик, драматург, Қазақстанның білім беру саласына зор еңбек сіңірген педагог, ұйымдастырушы Біләл Сүлейұлының ғұмырнамасына арналды.
Біләл Сүлейұлы кім? Қандай азамат болған? Бүгінгі Тәуелсіз Қазақстан үшін не істеді? Неге атылды? Неліктен трагедиялық жағдайға ұшырады? Неге біз оны әлі күн жете танымаймыз? - деген сұрақтардың жауабын оқырман қауым осы дәрістен тапты.
Алаш арысы туған өлкеде туып өскен Елдос мырза ауыл ақсақалдарының әңгімесінен естіп, бала күннен есімі есінде қалған Біләл Сүлейұлының ауыр тағдырымен, мехнатты жанның өмір жолына қатысты тың деректер мен мәліметтер ұсынды.