Тікелей эфир «Медиа кеңістік: жаңаша формат»

Тікелей эфир «Медиа кеңістік: жаңаша формат»

19 қаңтар күні, сағат 11.00-де А.С. Пушкин атындағы облыстық кітапхананың ұйымдастыруымен белгілі журналист Есенгүл Кәпқызы «Медиа кеңістік: жаңаша формат» атты тақырыпта онлайн сұхбат өткізеді. Сұхбат Facebook @Есенгүл Кәпқызы парақшасында өтеді.
Сұхбаттың мақсаты қазіргі таңдағы журналистика саласының дамуы және медиа кеңістіктегі ақпарат жеткізудің тиімді тәсілдері туралы баяндайды. Осы бағыттағы сауалдарға жауап береді.
Е.Кәпқызы қазақ жаурналистикасының дамуы тақырыбында өзекті мақалалар жазып, шет елдердегі және еліміздегі жиындарға қатысып, жаңа форматтағы ақпарат тарату тақырыбын зерттеп жүрген айтулы журналистердің бірі. Журналистика қоғамдағы аса маңызды сала. Сондықтан бұл бағыттағы білікті маман, айтулы журанлист ретінде осы сұхбатқа Есенгүл Кәпқызы арнайы шақырылып отыр. Онлайн сұхбат арқылы ол жаңа форматтағы медиа тақырыбын терең талдап береді.
Ол қазіргі таңда Сүлейман Демирель университетінің әлеуметтік ғылымдар кафедрасынң оқытушысы, «Мінбер» журналистерді қолдау орталығы қоғамдық қорының жетекшісі болып қызмет атқарады.
Есенүл Кәпқызы - Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық Университетінің түлегі. 1994 жылы еларалық «Шалқар» газетінен бастап, кейіннен «Алтын бесік» журналында, Би-Би-Си радиосының Алматыдағы қазақ бөлімшесінде қызмет атқарған.
2008-2011 жылдары "Азаттық" радиосының "Қазақтар әлемде" хабарының жүргізушісі. Сонымен қатар, қазақ тіліндегі тұңғыш интернет-газеті «Тарланға» басшылық еткен ол бүгінде «Түркістан» газетінің журналистер тобын басқарып, «Мінбер» интернет-порталына жетекшілік етеді.
"Медианет" халықаралық журналистика мектебі ұйымдастырған семинар-тренингтердің, Біріккен ұлттар ұйымының Даму бағдарламасы ұйымдастырған журналистік тренингтердің және "Мінбер" журналистерді қолдау орталығы ұйымдастырған семинар-тренингтердің тренері.
2007 жылы "Сөздің шыны", 2010 жылы "Жырақта қалған тағдырлар" 2013 жылы "Ой түбінде жатқан сөз" атты публицистикалық жинақтары жарық көрген.

Байланысшы: Аскерхан Ақтай
Тел.:8701183 00 84