Қазақстанның көне тарихы: тікелей эфир

Қазақстанның көне тарихы: тікелей эфир

20 қараша күні Абай кітапханасының Facebook әлеуметтік желісіндегі парақшасында белгілі тарихшы-археолог, көптеген археологиялық экспедициялардың мүшесі, Қазақстан петроглифтарын зерттеудің ең білікті маманы, тарих ғылымдарының докторы, Нұр-Сұлтан қаласындағы Археология институты филиалының директоры Зейнолла Самашевпен «Қазақстанның көне тарихы» атты тікелей эфир өтті.

Эфир барысында тас дәуірінің Қазақстан жеріндегі ескерткіштері жайында сөз етіп, осы дәуірдің мәдени ескерткіштері, зерттеу ауқымы туралы айтып берді. Сонымен қатар қола және мыс дәуіріндегі Қазақстан туралы әңгіме барысында еліміздегі метал өңдеу технологиясы турасында біраз дерек келтірген археолог ғалым осы дәуірлерге жататын ескерткіштердің тұрмыстық мәдениеті жайлы да тілге тиек етті. Сақ дәуірі жайлы әңгіме барысында өңірімізден табылған ескерткіштер және олардың ерекшелігіне тоқталып, кеңінен әңгімелеп берді.

Эфир соңында кеш қонағы өлкеміздің топырағы тұнған тарих және осы тарихтың ашылмаған тұстарын зерттеу болашақтың еншісінде екендігін айтып, көрермендермен жылы лебізде қоштасты.