
2026 жылғы 5 шілдеде ШҚО этнографиялық музейінің Солжағалық кешеніндегі үлкен киіз үйде Ұлттық домбыра күні мен күйші, композитор Дина Нұрпейісованың 165 жылдығына арналған «Күмбірле, домбыра!» атты мерекелік іс-шара өтті.
Қазақ халқының қасиетті музыкалық аспабы – домбыраны және Дина Нұрпейісованың шығармашылық мұрасын таныстыру мақсатында ұйымдастырылған іс-шара қонақтарға көтеріңкі көңіл күй мен ерекше әсер сыйлады.
Іс-шара барысында «Жаңғыру» білім беру және шығармашылық орталығынан домбырашы Ардак Кашей және домбыра жасаудың шебері Казез Жанарбек өз өнерлерін ортаға салды.
Мерекелік бағдарлама аясында көрермендерге викторина, скрапбукинг бойынша шеберлік сағаты, музыкалық аспаптарға арналған әдебиеттер көрмесі, сондай-ақ домбыра жасаушы шеберлердің көрме-жәрмеңкесі ұйымдастырылды.