«Абай әлемі» кітаптар топтамасы (әдістемелік ұсыныс): тікелей эфир

«Абай әлемі» кітаптар топтамасы (әдістемелік ұсыныс): тікелей эфир

18-ші қараша күні Абай атындағы кітапхана қызметкерлері Шығыс Қазақстан облысының аудандық, ауылдық кітапханаларының кітапханашыларына арнап, Facebook парақшасында «Абай әлемі» кітаптар топтамасы бойынша әдістемелік ұсыныспен тікелей эфир ұйымдастырды.
Шара барысында Ұлы Абайдың туғанына 175 жыл толуына орай мерейтойлық басылым ретінде «Абай әлемі» кітаптар топтамасының 3-ші шығарылымы таныстырылып, қазіргі таңда кітаптарды насихаттауда онлайн режимде жүргізуге болатыны шаралар жайында ұсыныс берілді.
Бұл топтаманың ішінде жарық көрген, кітаптардың бірі - 1909 жылы Санкт-Петербургте Ілияс Бораганский баспаханасынан басылып шыққан тұңғыш Абайдың өлеңдер жинағының репринттік басылымы ерекше аталып өтілді.
Абайдың ақындық мектебінен нәр алған Ш.Әбенов, С. Әлімбетов, Т. Әміренов, И. Биназаров, Ә.Жиреншин, К. Оразалин сынды қаламгерлердің шығармалары және Б. Щербаковтың «Звездная степь Жидебая» шығармасы орыс, ағылшын тілдерінде шыққандығы жайында кеңінен таныстырылды.
Абайтану ғылымындағы зерттеу еңбектердің ең маңыздылары мен ұлы ақынды көзі көрген жандардың естеліктері іріктеліп, хронологиялық тәртіппен бес томға топтастырылғандығы аталып өтілді.
Тікелей эфир барысында осы кітаптар топтамасын насихаттау бағытында онлайн режимде қандай көпшілік жұмыстарды жүргізу керектігі егжей-тегжейлі айтылып өтті.