«Абай ұрпақтары»

«Абай ұрпақтары»

25 қараша күні сағ. 15.00-де А.С.Пушкин атындағы Шығыс Қазақстан облыстық кітапханасы «Абай ұрпақтары» атты онлайн кездесу өткізеді.
Кездесудің мақсаты – көпшілік оқырманды қазақ халқының ұлы ақыны, ойшыл Абай Құнанбайұлының ұрпақтарымен таныстыру.
Биылғы 2020 жылы Абай ұрпақтары - Мағауия Абайұлы Құнанбаевтың туғанына 150 жыл, Тұрағұл Абайұлы Құнанбаевтың туғанына 145 жыл, ұлы Ізкәйілдің туғанына 125 жыл, Абай немересі Уәсилә Мағауияқызының туғанына 130 жыл, немересі Исрайыл Ақылбайұлының туғанына 125 жыл, сонымен бірге, Шәкәрім Құдайбердіұлының ұлы Ахат Құдайбердиевтің туғанына 120 жыл толады.
Осыған орай, Абай музейінің ғылыми қызметкері, жазушы Қуат Қиықбай жалпы Абай ұрпақтары, соның ішінде, ақын, аудармашы Тұрағұл Абайұлының өмірі мен шығармашылығына тоқталады. Абай музейінің ғылыми қызметкері Бұлбұлназ Уахметова «Мағауия Абайұлының әдеби мұрасы» атты тақырыпта әңгіме жүргізеді. Сонымен бірге, Абай музейінің аға ғылыми қызметкері Гүлназ Бейсембинова «Ахат Шәкәрімұлының өмірі мен шығармашылығын» баяндайды.
Онлайн-кездесу барысында Абай музейі қызметкерлері көпшілік оқырмандардың сұрақтарына жауап береді.
Сіздерді Абай ұрпақтарының өмірі мен шығармашылығы, қилы тағдыры жайындағы онлайн-жүздесуге қатысуға шақырамыз.

Байланысшы: Кемешева Меруерт
Байланыс тел.: 26-39-46