2020 жылға ШҚО бойынша мәдениет және архивтер саласында ЖҚЖК-2020 жүзеге асыру аясындағы инфрақұрылымдық жобалар бойынша барлығы 76 жоба (күрделі жөндеу бойынша 2 жоба, ағымдағы жөндеу бойынша 74 жоба), жалпы сомасы 3 млрд. 929 млн. 827 мың теңге, облыс бойынша жұмысқа орналастырумен барлығы:
Жоспар - 562 адам, нақты – 638 адам (113%),
Облыс бойынша жұмыспен қамту орталығынан:
жоспар - 302 адам, нақты-347 адам (114,9%).
Орташа жалақы - 85,0 мың теңге.
Облыс бойынша 76 жоба бойынша жалпы сомасы 3 722 427,0 мың теңгеге шарттар жасалды, Мемлекеттік сатып алу қорытындысы бойынша үнемдеу – 207 386,0 мың теңге (бюджетке қайтарылды).
Жұмыспен қамту Жол картасының 2020 жылға арналған 76 жобасы бойынша түзетілген жоспар 3 722 427,0 мың теңгені құрады, 2020 жылғы 1 қарашадағы есепті кезеңге арналған жоспар 3 708 094,0 мың теңгені құрады. 2020 жылғы 1 қарашадағы жағдай бойынша қаражатты игеру – 3 645 142,0 мың теңге немесе 98 %.
2020 жылға арналған Жұмыспен қамту Жол картасының 12 облыстық жобасы бойынша түзетілген жоспар мәдениет саласы бойынша 2 858 794,0 мың теңгені құрады, 2020 жылғы 1 қарашадағы есепті кезеңге арналған жоспар 2 814 845,0 мың теңгені құрады. 2020 жылғы 1 қарашадағы жағдай бойынша қаражатты игеру - 2 809 749,0 мың теңге немесе 99,8%.
ОБЛЫСТЫҚ ЖОБАЛАРДЫҢ атауы:
1. Абай Құнанбайұлы үйінің кешені; 1894-1904 жылдар (тұрғын үй, Абайдың музей-үйі, Абайдың зираты) (ғылыми-реставрациялық жұмыстар, Шығыс Қазақстан облысы) Абай ауданы.
2. Тоқтаров көшесі, 47 мекенжайындағы драма театрының ғимаратын күрделі жөндеу.
3. Пушкин ат, кітапханасы ғимаратын ағымдағы жөндеу. Өскемен қаласы.
4. Өскемен қаласындағы зағип және көзі нашар көретін азаматтарға арналған кітапхана ғимаратын ағымдағы жөндеу (терезелерді жөндеу)
5. Өскемен қаласы, Головков көшесі, 26 мекен-жайындағы ғимаратқа (Мемлекеттік архив) ағымдағы жөндеу жүргізу. Өскемен қаласы.
6. Өскемен қаласы Крылов көшесі, 39 мекенжайындағы «Мемлекеттік архив» КММ ғимаратына ағымдағы жөндеу жүргізу (Мемлекеттік архив).
7. Жарма ауданы Қалбатау ауылындағы Мемлекеттік архивтің Жарма филиалының ғимаратын ағымдағы жөндеу.
8. Бородулиха ауданы мемлекеттік архивінің ғимаратын ағымдағы жөндеу.
9. Семей қ. «Невзоровтар отбасы атындағы музей» КМҚК желдету жүйесінің жабдықтарын ауыстыру
10. «Абай атындағы театр» КМҚК ғимаратында ғылыми-реставрациялық жұмыстар, ШҚО, Семей қаласы, Абай алаңы, 1.
11. «Абай атындағы ШҚ әмбебап кітапханасы» КММ ғимаратын ағымдағы жөндеу.
12. Тарбағатай ауданы Ақсуат ауылындағы тарихи-өлкетану музейінің ғимаратын (шатырын) ағымдағы жөндеу.
Бүгінгі күні мәдениет саласындағы 12 облыстық жобаның 10-ы пайдалануға берілді, екі жоба бойынша жұмыстар кестесіне сәйкес аяқталған жоқ.