
20 маусым күні қаланың Орталық алаңында Шығыс Қазақстан облыстық филармониясының шығармашылық ұжымдары мен солистерінің концерттік маусымның жабылуына арналған қорытынды концерттерінің үшінші күні өтті. Бұл кеште ШҚО әкімінің симфониялық оркестрі бас дирижері, ҚР Еңбек сіңірген қайраткері Александр Галсановтың жетекшілігімен көрермендерге «Золотые хиты SAN REMO» атты концерттік бағдарламасын ұсынды.
Бағдарламада романтикаға, жарқын сезімдерге және әйгілі San Remo фестивалінің қайталанбас атмосферасына толы итальяндық танымал әндер шырқалды. Концерттік бағдарламаға республикалық және халықаралық байқаулардың лауреаттары Әсем Рыспаева, Арника Байбусынова, Юлия Юрочкина, Роман Хохлов және Фарид Исмаилов қатысып, көрермендерге ұмытылмас музыкалық әсер сыйлады. Концерт маусым жабылуының үшінші күнін айшықтай түскен жарқын мәдени оқиғаға айналып, музыка сүйер қауымды шабыт, сұлулық және жоғары орындаушылық шеберлік атмосферасында тоғыстырды.