19 маусым күні қаланың Орталық алаңында Шығыс Қазақстан облыстық филармониясының шығармашылық ұжымдары мен солистерінің концерттік маусымның жабылуына арналған қорытынды концерттерінің екінші күні өтті

19 маусым күні қаланың Орталық алаңында Шығыс Қазақстан облыстық филармониясының шығармашылық ұжымдары мен солистерінің концерттік маусымның жабылуына арналған қорытынды концерттерінің екінші күні өтті.
Көрермен назарына Байжігіт атындағы қазақ халық аспаптар оркестрінің бас дирижері, Мәдениет саласының үздігі Шалқар Ырысханұлы мен дирижері, Мәдениет саласының үздігі Ержан Касымкановтың жетекшілігімен «Сырлы әуен» атты концерттік бағдарламасы ұсынылды. Концерттік бағдарламаға «An.Sal.Dar» тобы, сондай-ақ облыстық филармонияның солисстері Нұргүл Қабдоллаева, Юлия Юрочкина, Талант Мәжитов және Қайрат Майжаров қатысты. Өнерпаздардың орындауында халықтық және заманауи қазақ музыкасының үздік туындылары шырқалып, кешке ұлттық өнердің, сұлулық пен рухани мұраның ерекше атмосферасын сыйлады. Концерт шығармашылық маусымды жабуға арналған іс-шаралар легінің жарқын жалғасы болып, көрермендерге ұмытылмас әсер қалдырды.