2020 жылғы 1 қазандағы жағдай бойынша облыстағы мәдениет саласының әлеуметтік-экономикалық даму қорытындылары туралы АҚПАРАТ

2020 жылғы 1 қазандағы жағдай бойынша облыстағы мәдениет саласының әлеуметтік-экономикалық даму қорытындылары туралы АҚПАРАТ

01.01.2020 жылғы жағдайы бойынша облыста мәдениет және өнер ұйымдарының желісі 632 бірлікті, олардың ішінде: 291 клубтық мекеме, 306 кітапхана, 10 музей, 2 театр, 2 концерттік қызметті жүзеге асыратын ұйым, 10 Достық үйі, 6 кино көрсететін кинотеатрларды жүзеге асыратын ұйым, 1 хайуанаттар бағы, 3 саябақ, 1 тарихи-мәдени мұраны қорғау жөніндегі мекемені құрады.

2020 жылғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша облыстық бюджеттен қаржыландырылатын мәдениет және өнер ұйымдарының желісі 32 бірлікті, олардың ішінде: 10 музей, 1 тарихи-мәдени мұраны қорғау жөніндегі мекеме, 2 театр, 2 концерттік қызметті жүзеге асыратын ұйым, 4 кітапхана, 13 архив мекемесі құрады.

Мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасының 2020 жылға бекітілген бюджеті 7 млрд. 302 млн. 854 мың теңгені, оның ішінде: ведомстволық бағынысты мемлекеттік мекемелер мен ұйымдардың күрделі шығыстары (МТБН) - 1 млрд. 037 млн. 002 мың теңгені құрады.

Мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасының 2020 жылдың 1 қазан жағдайына нақтыланған бюджеті 12 млрд. 423 млн. 504 мың. теңгені, оның ішінде: ведомстволық бағынысты мемлекеттік мекемелер мен ұйымдардың күрделі шығыстары (МТБН) - 2 млрд. 221 млн. 211 мың. теңгені құрады.

2020 жылы келесі бағдарламалар бойынша қаражаттар қосымша бөлінді және азайтылды:

1. Облыстық мәслихат сессиясының 2020 жылғы 13 наурыздағы № 36/410-VI (2020 жылғы 19 ақпандағы № 1 облыстық бюджет комиссиясы отырысының хаттамасынан үзінді) Мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасы бойынша барлығы 198 876,0 мың. теңге, оның ішінде:

8 273 008 015 «Театр және музыкалық өнерді қолдау» бағдарламасы бойынша Семей қаласындағы «Абай атындағы театр» КМҚК-на аталған театр ғимаратын ғылыми-қалпына келтіру жұмыстарына 198 786,0 мың теңге бөлінді.

Сондай-ақ, 18 000,0 мың. теңге сомасына қаражаттың қайта бөлінуі ескерілді:

8 273 009 015 «Облыстық кітапханалардың жұмыс істеуін қамтамасыз ету» бағдарламасы бойынша «Аға сұлтан Құнанбай: аңыз бен ақиқат» атты Құнанбай Өскенбайұлының өміріне арналған облыстық ғылыми-практикалық конференциясына 18 000,0 мың. теңге сомасына «Абай атындағы әмбебап-кітапханасы» КММ-нен лимиттер азайтылды.

8 273 007 015 «Тарихи-мәдени мұраның сақталуын қамтамасыз ету және оларға қол жеткізу» бағдарламасы бойынша бағдарламасы бойынша «Аға сұлтан Құнанбай: аңыз бен ақиқат» атты Құнанбай Өскенбайұлының өміріне арналған облыстық ғылыми-практикалық конференциясына 18 000,0 мың. теңге сомасына «Семей қаласындағы тарихи-өлкетану музейі» КМҚК-не лимиттер көбейтілді.

2. Облыстық мәслихат сессиясының 2020 жылғы 22 сәуірдегі № 38/424-VI (2020 жылғы 20 сәуірдегі № 5 облыстық бюджет комиссиясы отырысының

хаттамасынан үзінді) Мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасы бойынша барлығы 186 299,0 мың. теңге азайтылды, оның ішінде:

8 273 008 015 «Театр және музыкалық өнерді қолдау» бағдарламасы бойынша Семей қаласындағы «Абай атындағы театр» КМҚК-на аталған театр ғимаратын ғылыми-қалпына келтіру жұмыстарынан 186 299,0 мың теңге.

Сондай-ақ, 62 502,0 мың. теңге сомасына қаражаттың қайта бөлінуі ескерілді:

8 273 008 015 «Театр және музыкалық өнерді қолдау» бағдарламасы бойынша Семей қаласындағы «Абай атындағы театр» КМҚК-нан аталған театр ғимаратын ғылыми-қалпына келтіру жұмыстарынан 12 487,0 мың. теңгеге лимиттер азайтылды.

8 273 009 015 «Облыстық кітапханалардың жұмыс істеуін қамтамасыз ету» бағдарламасы бойынша «Абай атындағы әмбебап-кітапханасы» КММ-нен кітапхана ғимаратының ағымдағы жөндеу жұмыстарынан 50 015,0 мың. теңге сомасына лимиттер азайтылды.

3. Облыстық мәслихат сессиясының 2020 жылғы 15 маусымдағы № 39/430-VI (2020 жылғы 21 мамырдағы № 10 облыстық бюджет комиссиясы отырысының хаттамасынан үзінді) Мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасы бойынша бюджеттің кіріс бөлігінің ұлғаюына байланысты лимиттердің көбейтілуі ескерілді:

8 273 113 015 «Жергілікті бюджеттің ағымдағы мақсатты трансферттері» бағдарламасы бойынша 34 768,5 мың. теңгеге лимиттер көбейтілді, оның ішінде: Күршім ауданы Марқакөл ауылындағы клуб ғимаратының күрделі жөндеуіне - 8 141,7 мың. теңге, Катон-Қарағай ауданы Үлкен Нарын ауылындағы аудандық мәдениет үйінің крделі жөндеуіне – 10 600,0 мың. теңге, Тарбағатай ауданы Тұғыл мәдениет үйінің күрделі жөндеуіне – 8 563,5 мың. теңге, Ақжар мәдениет үйінің күрделі жөндеуіне – 7 463,3 мың. теңге сомасында қаражат бөлінді.

Сонымен қатар, бюджеттік бағдарламалардың 1 133 745,9 мың. теңгеге қайта бөлінуі ескерілді.

4. Облыстық мәслихат сессиясының 2020 жылғы 17 шілдедегі № 40/461-VI (2020 жылғы 26 маусымдағы № 12 облыстық бюджет комиссиясы отырысының хаттамасынан үзінді) Мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасы бойынша Абай ауданы бойынша қаражаттардың қайта бөлінуі ескерілді:

8 273 113 015 «Жергілікті бюджеттің ағымдағы мақсатты трансферттері» бағдарламасы бойынша 6 188,0 мың. теңге сомасына көлік сатып алуға лимиттер азайтылған болса, Қарауыл ауылындағы «Қоңыр әулие» үңгірінің ағымдағы жөндеу жұмыстарына 6 188,0 мың.теңгеге лимиттер көбейтілді.

Сонымен қатар, бюджеттік бағдарламалардың 227 036,0 мың. теңгеге қайта бөлінуі ескерілді.

5. Облыстық мәслихат сессиясының 2020 жылғы 21 тамыздағы № 41/466 - VI (2020 жылғы 4 тамыздағы № 17 облыстық бюджет комиссиясы отырысының хаттамасынан үзінді) Мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасы бойынша қаражаттардың қайта бөлінуі ескерілді:

8 273 032 015 «Ведомстволық бағынысты мемлекеттік мекемелер мен ұйымдардың күрделі шығыстары» бағдарламасы бойынша «Ертіс концерт» КМҚК-нің материалдық-техникалық базасын нығайтуға – 305 875,0 мың. теңге; жихаздар мен аксессуарлар сатып алуға – 43 825,0 мың. теңгеге лимиттер көбейтілді.

8 273 113 015 «Жергілікті бюджеттің ағымдағы мақсатты трансферттері» бағдарламасы бойынша Күршім ауданының төмендегі ауылдық клубтарының

ағымдағы жөндеу жұмыстарына лимиттер көбейтілді: Маралды ауылдық клубына – 13 000,0 мың. теңге, Барақ–Батыр ауылдық клубының аумағын абаттандыруға – 7 501,0 мың. теңге, Қыстау-Күршім ауылдық клубына – 22 010,5 мың. теңге, Сарыөлең ауылдық клубына – 14 020,1 мың. теңге.

2020 жылғы 1 қазандағы жағдай бойынша 683 спектакльден 509 спектакль, оның ішінде мемлекеттік тілде жылдық жоспар бойынша 393 спектакльден 62 спектакль ойналды, жылдық жоспар бойынша 28 қойылымнан 14 жаңа қойылым көрсетілді.

Театр өнері саласында жаңа қойылымдар үлесі 2,7%-ды, жылдық жоспар бойынша – 4,1 %-ды құрады. Театрлармен жылдық жоспар бойынша – 158,6 мың көрерменнен 116,9 мың көрерменге қызмет көрсетілді.

Семей қаласындағы Әміре Қашаубаев атындағы мемлекеттік филармониясы мен «Ертіс-концерт» КМҚК 329 іс-шара (концерт) өткізді, жылдық жоспар бойынша 588 іс-шара (концерт), 140,5 мың. көрерменге, жылдық жоспар бойынша – 188,8 мың. көрерменге қызмет көрсетілді.

Облыстық 4 кітапхананың кітап қоры 2020 жылғы 1 қазандағы жағдай бойынша 985,60 мың дананы құрады, жылдық жоспар 995,46 мың дана.

Сатып алынған кітап қорының саны 12,19 мың дананы құрады, жылдық жоспар бойынша 24,2 мың дана.

Облыстық кітапханалар оқырмандарының жалпы саны 74,91 мың адамды, жоспар бойынша – 102,62 мың адам, келушілер саны – 975,65 мың адам, жылдық жоспар бойынша – 1328,64 мың адамды құрады.

Музей қоры 2020 жылғы 1 қазандағы жағдай бойынша 475,68 мың экспонатты құрады, жылдық жоспар бойынша – 492,61 мың экспонат, музей қоры 1,75 мың экспонатқа толықтырылды, жылдық жоспар бойынша – 4,67 экспонат, музей қорларымен жаңарту үлесі 0,36%-ды, жылдық жоспар бойынша – 1,00%-ды құрады.

Музейлерге келушілердің саны 507,13 мың адамды, жылдық жоспар бойынша 692,34 мың адамды құрады.

Сонымен қатар, келесіі мәдени - іс шаралар өткізілді:

2020 жылдың 23 қаңтар күні «Ертіс-концерт» концерттік мекемесімен Абай Құнанбайұлының 175 жылдық мерейтойын мерекелеуді бастауға арналған арнайы рәсім ұйымдастырылып өткізілді.

Ағымдағы жылдың 19 ақпан күні облыстық драма театрымен Шығыс Қазақстан облысы әкімінің қоғамдық кеңес және тұрғындар алдында есеп беруі ұйымдастырылды және өткізілді.

2020 жылдың 28 ақпан мен 6 наурыз аралығында облыстық драма театры Ресейдің Челябинск қаласында өткен «CHELOBEK ТЕАТРА» атты кіші формадағы спектакльдер зертханасының VIII халықаралық театр фестиваліне қатысып қайтты.

2020 жылдың 19-20 наурыз аралығында Семей қаласындағы облыстық тарихи-өлкетану музейі «Құнанбай: Аңыз және ақиқат» атты ғылыми-тәжірибелік конференция өткізді.

Ағымдағы жылдың наурыз және мамыр айлары аралығында «Ертіс концерт» концерттік мекемесінің және Әміре Қашаубаев атындағы облыстық филармонияның шығармашылық ұжымдары интернет-платформалар арқылы (YouTube, INS, FAS, в Контакте) онлайн-теле-концерттер циклін дайындап, өткізді;

2020 жылдың 24 маусымында Әміре Қашаубаев атындағы облыстық филармония Абай Құнанбайұлының 175 жылдығына арналған және Домбыра күніне

орай музыкалық клиптер мен домбырада орындалатын ән мен күйлер циклін өткізді;

Ағымдағы жылдың шілде айында ШҚО әкімінің қатысуымен мерекелік марапаттаулар рәсіміне орай «Ертіс концерт» концерттік мекемесі Нұрсұлтан қаласы күніне арналған мерекелік концерт өткізді;

Ағымдағы жылдың тамыз айында «Ертіс концерт» концерттік мекемесі келесі іс-шаралар циклін дайындап, өткізді: ҚР Конституция күніне арналған концерт; 12 тамызда ҚР Сенатына сайлау өткізу барысында техникалық-ұйымдастыру іс-шараларын өткізді; Абай Құнанбайұлының 175 жылдығына арналған мерекелік іс-шаралар өткізілді;

Ағымдағы жылдың 1-5 қыркүйегі күндері Әміре Қашаубаев атындағы облыстық филармония Абай Құнанбайұлының 175 жылдығына және мемлекеттік филармонияның 75 жылдығына арналған дәстүрлі орындаушылардың онлайн-конкурсын өткізді; 31 тамыздан 3 қыркүйек арасында "Татьянаның әні" және "Өзгеге көңілім тоярсың" әндеріне 2 клип түсіріліп, көрермен назарына ұсынылды; .

2020 жылдың 10-13 қыркүйегі күндері «Ертіс концерт» концерттік мекемесі Отбасы күні мерекесіне арналған концерттік іс-шара ұйымдастырып, өткізді;

2020 жылдың 24 қыркүйегі күні Ертіс концерт» концерттік мекемесі Катонқарағай ауданында белгілі жазушы Д. Әшімхановтың ескерткішінің салтанатты ашылу рәсімін өткізді; сондай-ақ 1 қазан Қарттар күніне арналған мәдени іс-шара ұйымдастырды;

Ағымдағы жылдың 6-7 қазаны күндері Әміре Қашаубаев атындағы облыстық филармония Абай Құнанбайұлының 175 жылдығына және Ш.қалдаяқовтың 90 жылдығына арналған "Қазақ өнерінің - Шамшырақтары" атты онлайн-концерт өткізді.