
Жеңістің кезекті жылдығы қарсаңында ШҚО этнографиялық музейінің қызметкерлері «Жеңіс жолы: тұлғалар мен оқиғалар тарихында» атты танымдық экскурсия өткізіп, оған Шығыс Қазақстан облысы мен Қазақстанның Ұлы Отан соғысы батырлары арқау болды.
Экскурсия барысында оқушылар Ұлы Отан соғысының негізгі оқиғаларымен танысып, Жеңіс жолында зор үлес қосқан жауынгерлер мен тыл еңбеккерлерінің ерлігі мен жанқиярлығын білді. Ерекше назар Т. Тоқтаров, С.Нұрмағамбетов, И.Айтықов, Қ. Қайсенов, В. Мызы, Т.Бегелдинов, Ә. Молдағұлова, М. Мәметова, Б.Момышұлы, Л.Беде және т.б. батырларға аударылды. Экскурсияға қатысушыларға жерлестерінің ерлік істері, олардың жауынгерлік жолы мен марапаттары туралы айтылды. Оқушылар есімдері Қазақстан Республикасының тарихына мәңгі жазылған адамдардың шынайы өмір жолдарымен танысып, сонымен қатар соғыс кезеңіне қатысты мұрағаттық материалдар, фотосуреттер мен экспонаттарды көрді.