«Өлеңімнің өзегі – Өр Алтайым» облыстық байқау

«Өлеңімнің өзегі – Өр Алтайым» облыстық байқау

Жансая Бип Билайн: 30 сәуір  күні А.С. Пушкин атындағы облыстық кітапханада ұстаз, ақын, Қазақстан Жазушылар одағының мүшесі, Катонқарағай ауданының Құрметті азаматы Төлеген Рақымжанұлының өмірі мен шығармашылығына арналған «Өлеңімнің өзегі – Өр Алтайым» атты облыстық байқау өтті.

Аталмыш байқаудың мақсаты: Төлеген Рақымжанұлының әдеби мұрасын насихаттау, жастардың шығармашылық ізденістерін дамыту.

Байқауға Шығыс Қазақстан облысының жалпы білім беретін мектептері мен колледждерінің, жоғарғы оқу орындарының 14-25 жас аралығындағы отызға жуық адамнан тапсырыс түсті. Оның ішінде Семей қаласы, Катонқарағай ауданы сияқты шалғай жерлерден де үміткерлер қатысуға ниет білдірді.

Байқауға  қаламгер, Қазақстан Жазушылар одағының мүшесі - Қашқынбаев Талғат Саккоұлы, ақынның қызы, ұстаз - Рақымжанова Арай Төлегенқызы және кітапхана қызметкерлері қазылық жасады.

Қазылар алқасының шешімімен байқау қорытындысы төмендегідей болды:

1 – орын : №41 мектеп оқушысы -  Манарбек Аружан;

2 – орын : №50 жалпы білім беретін мектеп оқушысы - Кәсіп Айым;

3 – орын: №44 мектеп – лицей оқушысы Дәулетбек Сұлтан және «Қ. Дамитов атындағы орта мектеп» оқушысы Раджанов Мансұр иеленді.

Сондай ақ, «Төлеген Рақымжанұылы атындағы» арнайы жүлдемен Оралбек Бекарыс, Ермекқызы Інжу, Сауыққызы Еркежан, Талапқызы Шырайлым, Серік Асылжан, Қалелова Ажар, Қабидолданов Рафат марапатталды.