«Мен әлемді сүйемін» – жүректерді тербеген көрме!

«Мен әлемді сүйемін» – жүректерді тербеген көрме!

22 сәуірде Шығыс Қазақстан Өнер музейінде Тарбағатай ауданының «Балалар өнер мектебі» ұсынған «Мен әлемді сүйемін» атты оқушылар шығармашылығы көрмесі өтіп, өз мәресіне жетті.
Бұл көрме – жай ғана суреттер жиынтығы емес, бала жүрегінен туған шынайы сезімнің, таза қиялдың және өмірге деген махаббаттың көрінісі болды. Әрбір туынды көрерменге ерекше әсер сыйлап, жас суретшілердің ішкі әлемін танытты.
Көрме барысында 85 туынды көпшілік назарына ұсынылып, жас дарындардың шығармашылық ізденісі мен шеберлігі бағаланды.
Шеберлік сағаттары
Сонымен қатар шеберлік сағаттары ұйымдастырылып, қатысушылар тек тамашалап қана қоймай, өнерді өз қолдарымен сезініп, шығармашылық атмосфераға ене алды:
Жүн басу арқылы текемет жасау
Майлы бояумен жылдам сурет салу
Акварель техникасының қыр-сырын меңгеру
Іс-шара қатысушылары
Көрменің ашылу салтанатында «Балалар өнер мектебі» КММ директоры, Қазақстан Суретшілер одағының мүшесі, «Өз маманның үздігі» медалі иегері Шоқанов Әлібек Төкенұлы сөз сөйледі.
Сонымен қатар мастер-класқа «Көркемөнер» сыныбы мұғалімдері Шоқанов Әділет Әлібекұлы мен Жетпісов Мейір Мұратбекұлы, сондай-ақ «Балалар өнер мектебі» КММ директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Назымханова Ажар Болатханқызы қатысты.
Пікірлер
Шығыс Қазақстан Өнер музейінің директоры Е. Калижанов:
«Тарбағатай ауданына және «Балалар өнер мектебінің» бүкіл ұжымына терең алғыс білдіремін. Бүгінгі көрме – балалар жүрегінің тазалығы мен шығармашылық шабыттың айқын дәлелі. Мұндай шаралар өнерге деген сүйіспеншілікті оятып, жас таланттардың жолын ашуда маңызды рөл атқарады.»
«Балалар өнер мектебі» КММ директоры, Қазақстан Суретшілер одағының мүшесі, «Өз маманның үздігі» медалі иегері Шоқанов Әлібек Төкенұлы:
«Бұл көрме – біздің оқушыларымыздың шығармашылық ізденістерінің нәтижесі. Балалар өнері – ең таза, ең шынжырқ сезімдерге толы. Әрбір туындының артында шексіз қиял мен өмірге деген махаббат жатыр. Мұндай маңызды шараны ұйымдастыруда қолдау білдірген Шығыс Қазақстан Өнер музейінің басшылығына және барлық қонақтарға алғыс айтамын.»