«Қалихан Ысқақ оқулары» облыстық байқауы өз мәресіне жетті

«Қалихан Ысқақ оқулары» облыстық байқауы өз мәресіне жетті

27 наурыз күні А.С. Пушкин атындағы Шығыс Қазақстан облыстық кітапханада қазақ прозасының көрнекті өкілі Қалихан Ысқақтың шығармашылығын дәріптеуге арналған «Қалихан Ысқақ оқулары» облыстық байқауы жоғары деңгейде өтті.

Әдеби шараға өңір мектептері мен колледждерінің студенттері қатысып, қаламгердің драмалық шығармалары негізінде сахналық қойылымдар ұсынды. Байқаудың мақсаты – жазушы мұрасын жас ұрпаққа насихаттау, көркем сөзге деген құрметті арттыру және ұлттық әдебиетке деген қызығушылықты дамыту.

Қатысушылар «Қоңыр күз еді», «Тұйық», «Қара орман», «Алтайға Абай келді», "Жан қимақ" сынды шығармалар желісі бойынша әсерлі қойылымдар көрсетіп, актерлік шеберлік пен сахналық мәдениеттерін жоғары деңгейде танытты.

Байқау қорытындысы бойынша жүлделі орындар төмендегідей анықталды:

Бас жүлде – «Қалихан Ысқақ атындағы орта мектеп» (Катон-Қарағай ауданы)

І орын – Жарқын Айдос,  Абай атындағы Шығыс Қазақстан гуманитарлық колледжінің студенті

ІІ орын – Самар ауданы «Абай атындағы орта мектебі» КММ, №47 жалпы білім беретін мектеп

ІІІ орын –№27 орта мектеп, Абай атындағы Шығыс Қазақстан гуманитарлық колледжі

Сонымен қатар, байқау аясында арнайы номинациялар табысталды:

– «Қарасөздің қас шебері» – Абылмажинова Аяулым

– «Көрермен көзайымы» – Кыдырмолдин Фарид және Жанымханова Жібек

– «Қалихан Ысқақ атындағы» арнайы жүлде – Кәсіп Айым

Аталған байқау жас буынның әдебиетке деген қызығушылығын арттырып, ұлттық руханиятты дәріптеуге зор үлес қосты. Ұйымдастырушылар барлық қатысушыларға алғыс білдіріп, жеңімпаздарды құттықтады.