ШҚО этнографиялық музейі өкілдерінің Барнаул қаласындағы Халықаралық ғылыми конференцияға қатысуы

ШҚО этнографиялық музейі өкілдерінің Барнаул қаласындағы Халықаралық ғылыми конференцияға қатысуы

Шығыс Қазақстан облыстық этнографиялық музейінің делегациясы құрамында тарих ғылымдарының кандидаты Е. Рахматулина, магистрлер Г. Кашаку және А. Карчалова «Қазіргі әлемдегі түркітану: даму үрдістері мен трендтері» атты халықаралық ғылыми конференцияға қатысты. Аталған конференция 24–25 наурыз күндері Алтай мемлекеттік университеті жанындағы «Үлкен Алтай» ғылыми-білім беру орталығында өтті. Конференцияға Ресей, Қазақстан, Өзбекстан және Қырғызстан елдерінен       100-ге жуық қатысушы жиналды.

Конференция барысында түркітанудың даму мәселелері, мәдени мұраны сақтау және пәнаралық зерттеулердің өзекті бағыттары қарастырылды. Іс-шара тәжірибе алмасуға, кәсіби байланыстар орнатуға және халықаралық ғылыми ынтымақтастықты нығайтуға маңызды алаң болды. Конференция қорытындысы бойынша РҒДИ-да индекстелетін «Шығыстану зерттеулері» сериясында ғылыми мақалалар жинағын шығару жоспарлануда.

Конференцияға қатысу кәсіби байланыстарды кеңейтуге және музей қызметін дамытудың жаңа бағыттарын айқындауға мүмкіндік берді.