«Алтайым – алтын бесігім» атты республикалық командалық айтысы

«Алтайым – алтын бесігім» атты республикалық командалық айтысы

26 наурыз күні облыстық филармониясы көрермендер залында, «Алтайым – алтын бесігім» атты республикалық командалық айтысы өтті. Шығыс Қазақстан және Қарағанды облыстарының командалары бір сахнада бас қосып, импровизация шеберлігін, ой ұшқырлығын және ұлттық өнердің байлығын паш етті. Ақындар мен дәстүрлі орындаушылар айтыстың түрлері — қайым, түре, сүре, сондай-ақ қыз бен жігіт айтысында өзара сайысқа түсіп, әсерлі дода болды.  Іс-шараның жүргізушісі — ақын, профессор, Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаты, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, «Құрмет» орденінің иегері Аманжол Әлтай болды. Айтыс — тек өнер жарысы ғана емес, ол қазақ халқының рухы, шежіресі мен даналығының көрінісі, ұрпақтан ұрпаққа жалғасқан асыл мұра. Осындай басқосулар ұлттық дәстүрді жаңғыртып, оған жаңа серпін беріп, келешекке жігер береді.