«Big Band» джаз оркестрінің «В джазе только девушки» атты концерті

«Big Band» джаз оркестрінің «В джазе только девушки» атты концерті

2026 жылғы 25 наурызда облыстық филармония сахнасында «Big Band» джаз оркестрінің «В джазе только девушки» атты концерті өтті. Бас дирижёр, «Мәдениет саласының үздігі» Александр Адамов және дирижёр Александр Селивановтың басшылығымен өткен кеш нағыз джаз әлеміне саяхатқа айналды — еркін, стильді әрі шабыттандыратын музыкалық сәттерге толы болды. Концерттің ерекше атмосферасын республикалық және халықаралық байқаулардың лауреаттары көркемдей түсті: Асем Рыспаева,  Анара Шакенова, Юлия Юрочкина, Арника Байбусынова. Концерт жанды энергияға, оркестрдің сазды үніне және жарқын вокалдық номерлерге толы болды. Әрбір нөмір шынайы эмоциялар мен көрермендердің ыстық қошеметіне бөленді.  Бұл кеш нағыз джаз мерекесі болды, қонақтарға еркіндік, шабыт пен есте қаларлық сәттер сыйлады.