Қазақстандағы волонтерлік қозғалыс туралы іс-шара

Қазақстандағы волонтерлік қозғалыс туралы іс-шара

«Заң мен тәртіп» тұжырымдамасы аясында ШҚО этнографиялық музейінің қызметкерлері С. Аманжолов атындағы ШҚУ-дың 1-курс студенттері мен музей қызметкерлеріне «Қазақстандағы волонтерлік қызмет: бағыттары мен ерекшеліктері. Волонтерлік қозғалыс – патриоттық тәрбие берудің құралы ретінде» атты іс-шара өткізді. Іс-шара құқықтық және әлеуметтік мәдениетті қалыптастыруға, қоғамдағы азаматтық жауапкершілік қағидаттарын нығайтуға, Қазақстандағы волонтерлік қозғалысты насихаттауға бағытталды. Спикерлер ретінде Жастар ресурстық орталығының қалалық волонтерлік фронт-офисінің жетекшісі Анель Ренатқызы Шарипжанова, С. Аманжолов атындағы ШҚУ студенті, волонтер Елдос Калиев және музей-қорықтың ақпараттық-ағарту бөлімінің меңгерушісі Ш.М. Карибаева сөз сөйледі.