Алғыс айту күніне орай «Ақ босаға» ансамблінің «Өмір неткен тамаша» атты концерті

Алғыс айту күніне орай «Ақ босаға» ансамблінің «Өмір неткен тамаша» атты концерті

1 наурыз күні Шығыс Қазақстан облыстық филармониясының концерт залында Алғыс айту күніне орай «Ақ босаға» ансамблінің «Өмір неткен тамаша» атты концерті өтті. Мерекелік концертте аға буын әншілердің орындауындағы жүрекке жылы, мағыналы туындылар көрерменге ерекше әсер сыйлап, сағыныш пен ризашылық сезімін оятты. Концерттік бағдарламада «Алтай» фольклорлы-этнографиялық ансамблі мен «Алтай» би ансамблі өнер көрсетіп, ұлттық ән-күй мен би арқылы көрерменге ерекше рухани әсер сыйлады. Мерекелік кеш бірлік пен ризашылықтың жарқын көрінісіне айналды.