Тікелей эфир: «Қазіргі қазақ драматургиясы»

Тікелей эфир: «Қазіргі қазақ драматургиясы»

Рухани жаңғыру аясында белгілі джазушы, драматург Роза Мұқанова 6 қараша күні 15.00 FACEBOOK әлеуметтік желісінде @Roza Mukanova парақшасында «Қазіргі қазақ драматургиясы» атты тақырыпта онлайн сұхбат өткізеді.

Бұл сұхбаттың мақсаты қазіргі таңдағы драматургия жанрының өрісі жайлы ой қозғайды. Сонымен қатар өз шығармашылығы туралы оқырмандарыдң сауалдарына жауап береді.

Қысқаша өмірбаяны: Роза Мұқанова- 1964 жылы ШҚО Үржар ауданында дүниеге келген Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық мемлекеттік университетінің түлегі.

Кітаптары: «Жарық дүние» (1994, «Жалын») «Дүние кезек» (1997, «Жазушы») «Қүдірет-Кие» ( 2001, «Сөздік-Словарь») әңгімелері мен драмалық хикаяттары, І-томдық шығармалар жинағы (2007, «Қазығұрт») жарық көрді.

2008 жылы «Көркем әдебиет» сериясымен «Жазушы» баспасынан әңгімелер жинағы шықты.

Драмалары: 1996 жылы М.Әуезов атындағы қазақ академиалық драма театрында «Мәңгілік бала бейне» пьессасы қойылды.  

1997 жылы  М. Әуезовтің «Қаралы сұлу» әңгімесінің желісінде драмалық қойылымы сахналанды.

Халықаралық кинофестивальдарының бірнеше рет лауреаты атанған.

"Мәңгілік бала бейне" пьесасы Семей полигонының сұмдық зардабы туралы жазылған өзекті туынды. Бұл пьесса 24 жыл бойы еліміздің театрларынң сахнасынан түспей келе жатыр.

«Мысықтар патшалығы» пьесасы «Самсунг» компаниясының «Қазіргі заман драматургиясы» жүлдесіне ие болды.

2008 жылы «Шатыр астындағы Мен» атты пьесасы Мемлекеттік Грант жүлдесін иеленді.

Сонымен қатар «Фариза» драмасы жұртшылықтың көңілінен шыққан тамаща туынды деп бағаланды.

Р.Мұқанова жазушы ретінде де бірқатар әңгіме, повестердің авторы. Оның қаламынан туған дүниелер шынайы, өмір шындығын боямасыз бейнелеген, тақырыбы өзекті болып келеді.

Қазақстан Жастар одағы сыйлығының, «Жалын» журналының Т.Айбергенов атындағы сыйлығының (1989), Халықаралық «Алаш» әдеби сыйлығының лауреаты (2002).

 Қазіргі таңда Нұр-Сұлтан қаласындағы Өнер университетінде қызмет атқарады.

Байланысшы: Аскерхан Ақтай, тел.:8701183 00 84