
Шығыс Қазақстан облыстық этнографиялық музейде осы ұжымда еңбек ететін ардагер интернационалист-жауынгерлерге құрмет көрсету рәсімі өтті. Іс-шара барысында қақтығыс ошақтарындағы жауынгерлік оқиғалар туралы презентация ұсынылып, музей қорынан тақырыптық шағын көрме ұйымдастырылды. Сондай-ақ әріптестер, кәсіподақ комитеті және қаладағы көркемөнерпаздар тарапынан құттықтау сөздер айтылды. Кездесуге Техникалық-экономикалық колледж студенттері қатысып, ардагерлерге қызығушылықпен сұрақтар қойды. Залда бірлік пен достықтың атмосферасы орнады.