«Жүрегім менің жанартау» Мұқағали Мақатаевтың туғанына 95 жыл толуына арналған әдеби-сазды кеш

«Жүрегім менің жанартау» Мұқағали Мақатаевтың туғанына 95 жыл толуына арналған әдеби-сазды кеш

5 ақпанда Шығыс Қазақстан облыстық балалар және жасөспірімдер кітапханасында қазақтың көрнекті ақыны Мұқағали Мақатаевтың туғанына 95 жыл толуына арналған әдеби-сазды кеш өтті. Шара кітапханада бір жылдан бері жемісті жұмыс жасап келе жатқан «Жауһар» әдеби-сазды клубының қызметі аясында өтті.

Шығармашылық жастардың бастамасымен құрылған «Жауһар» әдеби-сазды клубы көркем шығармашылықты дамытуға, рухани қарым-қатынасқа және ұлттық мәдениетпен таныстыруға арналған алаң болып табылады.

Шараның мақсаты – Мұқағали Мақатаевтың ақындық мұрасын кеңінен насихаттау, шығармашылығының философиялық тереңдігін ашу, ұлттық әдебиет пен рухани құндылықтарды құрметтеуге тәрбиелеу.

Кеш барысында қатысушылар ақынның шығармаларын оқып, оның өлеңдеріне жазылған әндерді орындады. Сахнада автордың танымал шығармаларын оқыды: «Бүгін менің туған күнім ой пәле-ай», «Арманда», «Поэзия менімен егіз бе едің», «Мен деп ойла», «Фариза», «Есіңе мені алғайсың» және тағы да басқа.

Залдың тақырыпқа сай безендірілуі іс-шараның шығармашылық атмосферасын құруға ықпал етті. Қатысушылардың қойылымдары мәнерлі де шынайы болды, бұл көрермендердің ақын шығармашылығын терең түсініп, жаңаша қабылдауына мүмкіндік берді.

Кеш соңында ашық микрофон форматы ұйымдастырылып, қонақтар өз әсерлерімен бөлісіп, тілектерін айтты, кеш тақырыбы бойынша еркін түрде де өз шығармашылық жұмыстарын ұсынды.