Аяз Ата резиденциясының ашылуы

Аяз Ата резиденциясының ашылуы

20 желтоқсанда «Аяз Ата, Ақшақар» халықаралық фестивалі аясында музей-қорықтың Солжағалық кешенінде Аяз Ата қысқы резиденциясының ашылуы өтті. Қала тұрғындары мен қонақтарына театрландырылған қойылыммен ойын-сауық отшашуы, Аяз Ата, Ақшақар шеруі, облыстық филармония әртістерінің көңілді әндері, ұлттық тағамдармен ыстық шай жаңа жылдық сиқырдың ұмытылмас атмосферасын жасады.

Аяз Атаның резиденциясында тақ бөлмесі бар, онда отыратын орны, камин және шырша мен сыйлықтар орналасқан. Мұнда хат жазып, оны сиқырлы пошта арқылы жібере аласыз. Оң жағында Аяз Атаның бөлмесі орналасқан, онда мейірімді сиқыршы өзінің жаңа жылдық сапарының бағытын мұқият ойластырып, белгілейді. Бөлме тоқылған «баумен»және «шашақ баумен» безендірілген. Дастарқан басында Аяз Ата еліміздің түкпір-түкпірінен келген балалардың хаттары мен ашық хаттарын оқиды.