«ШҚО суретшілерінің ұжымдық көрмесі. 2025 жылдың қорытындысы» 

«ШҚО суретшілерінің ұжымдық көрмесі. 2025 жылдың қорытындысы» 

ШҚО музей-қорықтың Қ.Қайсенов көшесі, 67 мекенжайында көркемсурет вернисажы өтті, онда 2025 жылдың қорытындысы және Қазақстан Суретшілер одағының Шығыс Қазақстан филиалының мүшелері: Николай Аштеманың, Андрей Коротаевтың, Ирина Журавлеваның және басқа да суретшілердің 30-дан астам кескіндеме және графика туындылары ұсынылған. Авторлардың шығармалары өнер иелерінің өздері жайлы, уақыт және қоршаған орта туралы әсерлерінен сыр шертеді. Көрмеде портреттер мен пейзаждар, натюрморттар, сондай-ақ тұрмыстық және анималистік жанрлар қойылды.  Суретшілердің өлкенің табиғатынан, тарихы мен мәдени дәстүрлерінен шабыттанған туындылары заманауи көркемдік стильдер мен бағыттардың панорамасын көрсетеді.