
2025 жылғы 26 қарашада Шығыс Қазақстан облыстық балалар және жасөспірімдер кітапханасында ерекше қажеттілігі бар балаларға арналған «Арман қанатында. На крыльях мечты» атты балалар шығармашылығы фестивалі өтті.
Бұл фестиваль әрбір қатысушы өз қабілетін көрсетіп, жаңа нәрселер үйреніп, достар тауып, эмоционалды қолдау ала алатын коммуникациялық алаң ретінде ойластырылып, ұйымдастырылды.
Фестивальдің іс-шаралары кітапхананың бірнеше импровизацияланған алаңында өтті, әр алаңда өзіндік жылы әрі жайлы атмосфера орнады. «Көк трактормен» бірге кітап көрмесінде ұсынылған әдеби кейіпкерлерге иммерсивті саяхат жасады. Табиғи материалдардан коллаж жасау шеберханасына қолданбалы өнерге бейім балалар қатысты. Ойын алаңында ерекше қызығушылық сезілді — крафт ойындарымен танысу күнде бола бермейтін мүмкіндік екені анық. Ал ең жүрекке жылы эмоциялар импровизацияланған сахнада өлеңдер мен әндер шырқалып, бишілер мен актерлердің өнеріне зал ду қол шапалақтаған сәтте туды. Әрбір өнер көрсетушіге шын жүректен алғыс айтылды.
Дәстүрге сай, фестиваль салтанатты сәтпен — қатысушыларды құттықтау, сертификаттар мен алғыс хаттарды табыстаумен аяқталды.