
ШҚО музей-қорығында «Гендерлік зорлық-зомбылыққа қарсы белсенділіктің 16 күні» республикалық акциясы аясында ҚР Ұлттық ұланының «Шығыс» өңірлік қолбасшылығының 6699 әскери бөлімінің сарбаздары мен офицерлері және музей қызметкерлеріне «Әлемді бірге мейірімді етейік» атты тақырыптық кездесу өткізілді. Іс-шараға «Үлбі» дағдарыс орталығының, «Жанұя» отбасын қолдау орталығының, Өскемен қаласы ПБ ЖПҚБ әйелдерді зорлық- зомбылықтан қорғау бөлімінің, «Ана Үйі» қоғамдық қорының мамандары, облыстық Достық үйі-қоғамдық келісім орталығы жанындағы Аналар кеңесінің өкілдері шақырылды. Кездесуге қатысушылармен тұрмыстық зорлық-зомбылықтың алдын алуға, ана мен баланы қорғауға, отбасының қоғамдағы рөлін нығайтуға бағытталған әңгіме жүргізілді, тақырыптық бейнероликтер ұсынылды. Қонақтар өзекті мәселені шешуде өз көзқарастары туралы пікірлерімен бөлісті.