«Әдебиет-менің тағдырым» атты онлайн кездесу

«Әдебиет-менің тағдырым» атты онлайн кездесу

22 қазан күні, сағат 15.00-де А.С. Пушкин атындағы кітапхананың ұйымдастыруымен инстаграмм, @alibekbaibol, facebook @pushkinlibrary парақшаларында еліміздің шығармашыл жастары арасында көш бастап тұрған жазушы, драматург, әдебиеттанушы, сыншы, аудармашы, көсемсөзші ретінде ойлы оқырманға кеңінен танылған талант иесі – Әлібек БАЙБОЛМЕН онлайн сұхбат өткізіледі.
Байбол Әлібек Уәлиханұлы — 1987 жылы Алматы облысы, Райымбек ауданы, Үлкен Жалаңаш ауылында туған. 2005 жылы №147 мектеп-гимназиясын тәмамдаған соң, әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университетінің журналистика факультетіне түседі. Ол оқу ордасын 2009 жылы бітірген соң, Қазақстан Жазушылар одағына қарасты Республикалық «Қазақ әдебиеті» әдеби, мәдени апталығына тілші боп орналасады. Әлібек «Теміржол вокзалы», «Құлдар патшалығы», «Ой ұшқындары» атты 3 прозалық кітаптің және 8-ге жуық пьесаның авторы. «Гүлдің аты – Махаббат» атты пьесасы М.Әуезов атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық драма театры ұйымдастырған жас драматургтар байқауында 40 шығарманың ішінен үздік бестікке енсе, 2018 жылы «Әріптер әлеміне саяхат» пьесасы Ғ.Мүсірепов атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық Балалар мен жасөспірімдер театрында сахналанды.
Қазірғы заманда қолына қалам алып, шабыт пен қиялына ерік беріп, оқырмандарға тамаша туындылар ұсынып жүрген жас қаламгермен өткізілетін тікелей эфирдан құр қалмайық.