Наталья Матвеевамен онлайн кездесу

Наталья Матвеевамен онлайн кездесу

2020 жыл 21 қазан сағат 15.00-де «Звено Алтая» аймақтық әдеби бірлестігінің төрайымы, Ресей Жазушылар одағының мүшесі, қоғам қайраткері, кітапхананың досы әрі оқырманы Наталья Семеновна Матвеевамен онлайн кездесу өтеді.
Наталья Матвеева 1951 жылы 15 маусымда Өскемен қаласында дүниеге келген. Энергетикалық техникумды аяқтағаннан кейін тұрғын-үй коммуналдық басқармасында электрик, сылақшы болып жұмыс істеп, қоғамдық қызметпен айналысқан (комсомол комитетінің хатшысы, ТКШ кәсіподақ комитетінің төрағасы). Наталья Семеновна – аймақ жазушыларының шығармашылығы бойынша материалдарды жинау және мұрағаттау, облыстың әдеби антологиясын жарыққа шығарудың бастамашысы әрі ұйымдастырушысы. «Стежки-дорожки» (2001), «Предзимье» (2001), «Колодец жизни» (2005), «Свет души» (2009), «Кружева метели» (2011), «Когда в душе любовь и вера есть…» (2017), «Поле васильковое» (2019) поэтикалық жинақтарының авторы.
Наталья Матвееваның өлеңдері мәңгілік құндылықтар – мейірімділік, махаббат пен бейбітшілікке толы. Ақынның лирикалық кейіпкері әрдайым өз бақытын іздейді және оның оқырманы сол бақытты табатынына сенімді. «Бір-біріңді сүйіңдер» – міне, Наталья Матвеева бақытының рецепті осы. Сондықтан, біз адамдарға қуаныш сыйлайтын ақын шығармашылығын оқудан еш жалықпаймыз.
Кездесу барысында Наталья Семеновна өзінің шығармашылық жолының бастауы, әдеби тәлімгерлері мен өмірлік ұстанымы туралы өлеңдері арқылы әңгімелеп, көрермендердің сұрақтарына жауап береді.

Байланысшы: Абдеева Яна, тел. 2611333