
ШҚО музей-қорығында «Қолға жұмыс – көңілге қуаныш» атты стационарлық көрмесінің ашылуы өтті. Көрме ХІХ ғасырдың ортасы мен ХХ ғасырдың ортасындағы Оңтүстік-Батыс Алтай орыс шаруаларының дәстүрлі тоқымашылығына арналған және кенепті қолдан тоқу процесінің барлық кезеңдерін көрсетеді. Онда Шығыс Қазақстан облысының ауылдары мен аудандарынан жиналған музей-қорықтың қор коллекциясынан әртүрлі тоқу құралдары, сүлгілер, белбеулер, кенеп кесіндісі, дастарқандар сияқты 200-ден астам жәдігер, сондай-ақ келушілерге мата өндірісінің көп еңбекті қажет ететін процесінің қыр-сыры туралы көрнекті мағлұмат алуға мүмкіндік беретін картиналар, суреттер мен фотосуреттер ұсынылды. «Бастенки» фольклорлық ансамблі мен добырашы Қуаныш Оралбаевтың өнер көрсетуі көрменің ашылуының сәнін кіргізді.