
Шығыс Қазақстан облысында тарихи-мәдени мұраны сақтау ісіне ерекше көңіл бөлінуде. Өңір аумағында 328 тарих және мәдениет ескерткіші бар. Оларды сақтау және қалпына келтіру мақсатында жыл сайын облыстық бюджеттен қайта жөндеу және реставрация жұмыстарына қаржы бөлінеді.
2025 жылы мерейтойлық даталарға орай бірқатар маңызды жұмыстар атқарылды. Абай Құнанбайұлының 180 жылдығына орай Өскемен қаласында ұлы ақынның ескерткіші қайта жаңғыртылды. Сондай-ақ Кеңес Одағының Батыры, Бауыржан Момышұлының Қүршім ауданындағы ескерткішін қалпына келтіру жұмыстары аяқталды.
Ағымдағы жылы сәулет және монументалды өнердің бес ескерткіші қалпына келтірілді:
Барлық жұмыстар Қазақстан Республикасының тарихи-мәдени мұраны қорғау саласындағы заңнамасына сәйкес жүргізіледі. Ескерткіштердің бастапқы келбетін сақтау басты назарда ұсталып, кез келген өзгерістер уәкілетті органдармен міндетті түрде келісіліп отырады.
2026 жылы Алтай ауданындағы Ұлы Отан соғысында қаза тапқан жауынгерлердің Даңқ мемориалын, сондай-ақ Өскемен қаласындағы «Жұлдыздарға» және «Қылышты соқаға айналдырамыз» атты мүсіндерді қалпына келтіру жоспарлануда.
Өңірдің мәдени мұрасын сақтау бойынша жүйелі жұмыс жалғасын табады. Бұл — тарихи жадымызды сақтау және оны келер ұрпаққа жеткізуге бағытталған маңызды қадам.