2025 жылдың 23 қазанында Өскемен қаласындағы А.С. Пушкин атындағы облыстық кітапханада Республика күні мерекесіне орай «Жырың болып төгілемін» атты облыстық оқушылар айтысы өтті.
Айтыстың негізгі мақсаты – жас ұрпақты ұлттық мұра мен дәстүрге құрметпен қарауға тәрбиелеу, туған жерге деген сүйіспеншілікті арттыру, елдік құндылықтарды дәріптеу және Тәуелсіз Қазақстанның жетістіктерін жыр өнері арқылы насихаттау болды.
Шараға өңіріміздің аудандарынан және Өскемен қаласындағы жалпы білім беретін мектептерден келген 5–11 сынып оқушылары қатысты. Жас айтыскерлер ұстаздарының жетекшілігімен сахнаға шығып, ұлттық киімде, домбырамен елдік рухты, Отанға деген сүйіспеншілікті жырлады.
Айтысқа өңірге және республикаға танымал ақындар қазылық етті. Қатысушылардың суырыпсалма шеберлігі мен өнері жоғары деңгейде бағаланды.
Байқау жеңімпаздары:
Бас жүлде- Ержан Жания
1-орын- Силамбек Руслан
2 -орын- Мұратханұлы Мұхтар және Дашын Айгүл
3-орын- Серікбек Саяла және Қайырбекова Айғаным. Сонымен қатар, арнайы жүлдемен Самғар Айдархан, Қыдырмолдин Фарид және Нұрбек Нұрай марапатталды.
Жеңімпаздар мен жүлдегерлерге ақшалай сыйлықтар және дипломдар табысталды.
Айтыс жас буынның шығармашылық әлеуеті мен отансүйгіштік рухы айқын көрініс тапты. «Жырың болып төгілемін» айтысы өскелең ұрпақтың ұлттық өнерге деген қызығушылығын арттыруға зор серпін берді.