«Мәңгілік елдің мәртебесі» интеллектуалды-патриоттық КВИЗ

«Мәңгілік елдің мәртебесі» интеллектуалды-патриоттық КВИЗ

Республика күні қарсаңында кітапханамызда Қазақстан-Американдық Еркін Университетінің Жоғары колледжінің 1-курс студенттерінің және Шоқан Уәлиханов атындағы №3 мектеп-лицейінің 10-сынып оқушыларының қатысуымен интеллектуалды-патриоттық квиз өтті.

Іс-шараның мақсаты – оқушылардың Отанға деген сүйіспеншілігін арттыру, Тәуелсіз Қазақстанның қалыптасу тарихы, мемлекеттік рәміздер мен елдің көрнекті тұлғалары туралы білімдерін тереңдету болды.

Қатысушылар өздерінің білімін, ой ұшқырлығын және топтық бірлігін көрсетіп, нағыз патриоттар ретінде танылды. Квиз қорытындысы бойынша:

1-орын: «Шабыт» тобы (Ш. Уәлиханов атындағы №3 мектеп-лицейі)

2-орын: «Азат» тобы (Ш. Уәлиханов атындағы №3 мектеп-лицейі)

3-орын: «Айқап» тобы (Қазақстан-Американдық Еркін Университетінің Жоғары колледжі)

Мұндай кездесулер жас ұрпақтың туған жерге деген сүйіспеншілігін нығайтып, елімізге деген мақтаныш сезімін қалыптастырады.